Елімізде ұн қымбаттады

Қазақстанда ұн бағасының жыл сайынғы өсуі 37 пайызды құраса, ұн өндірісі 1,5 пайызға өсті, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Energyprom.kz-ке сілтеме жасап.

2022 жылдың қаңтар-маусым айларында елімізде дәнді дақылдардан 1,6 миллион тонна ұн өндірілді, бұл бір жыл бұрынғыдан 1,5 пайызға артық.

Өңірлік тұрғыда ұн өндірудің ең үлкен көлемі дәстүрлі түрде Қостанай облысына тиесілі: 552,4 мың тонна, жылына 7,4 пайыз. Үздік үштікке Солтүстік Қазақстан облысы (164,5 мың тонна, жыл бойынша 10 пайыз) және Шымкент (141,5 мың тонна, 14,9 пайыз) облыстары да кірді.

2021 жылы өндіріс 3 миллион тонна болса, бұл өткен жылмен салыстырғанда 10,3 пайызға аз.

Еліміздің ұн тартушылары ішкі нарықты жоғары деңгейде қамтамасыз етіп отыр. Импорт 2,4 есеге өсті.

Экспортқа 764,7 мың тонна ұн жөнелтілді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 36,2 пайызға артық. Экспорттың үлесі ресурстардың 58,1 пайызын құрады. Ішкі нарықтағы сату көлемі 21,3 пайызға төмендеп, 551,7 мың тонна болды.

2022 жылдың қаңтар-мамыр айларындағы экспорт бір жылда бірден 86,8 пайызға өсіп, 292,6 миллион доллар болды.

ТМД елдеріне 212,7 мың тонна ұн жөнелтілді, бұл бір жыл бұрынғыдан 15,1 пайызға артық. Қазақстандық ұнның басым бөлігі Өзбекстанға жөнелтілді: 158 мың тонна — 2021 жылғы қаңтар-мамырмен салыстырғанда 17,6 пайызға көп.

ТМД-дан тыс елдерге 223,7 миллион ​​доллардың 552 мың тонна ұн жөнелтілді. 

Биыл шілдеде ұн бағасы бір жыл бұрынғымен салыстырғанда 36,6 пайызға қымбаттады. Бірінші сұрыптағы ұнның бір келісінің құны 225 теңге, жоғары сорттысы 343 теңге болды.

Еліміздің ірі қалаларының ішінде жоғары сортты ұнның ең жоғары бағасы елордада (424 теңге), ең төменгісі Павлодарда (222 теңге) байқалды.

Между угрозой и трагедией 

УБИЙСТВА ЖЕНЩИН, СОВЕРШЕННЫЕ СУПРУГАМИ, СТАВЯТ ВОПРОС О ТОМ, НАСКОЛЬКО ЭФФЕКТИВНО В КАЗАХСТАНЕ РАБОТАЕТ СИСТЕМА ПРЕДУПРЕЖДЕНИЯ СЕМЕЙНО-БЫТОВОГО НАСИЛИЯ. ЗАКОНОДАТЕЛЬСТВО УЖЕСТОЧАЕТСЯ, ПОЛИЦИЯ ВЫНОСИТ ТЫСЯЧИ ЗАЩИТНЫХ ПРЕДПИСАНИЙ, ОДНАКО ТРАГЕДИИ ПРОДОЛЖАЮТСЯ. ДЕПУТАТЫ ПРЕДЛАГАЮТ НОВЫЕ СПОСОБЫ ВМЕШАТЕЛЬСТВА НА РАННЕЙ СТАДИИ – КОГДА УГРОЗЫ И ПРЕСЛЕДОВАНИЕ ЕЩЕ МОЖНО ОСТАНОВИТЬ.

Елімізде жүк көліктері үшін жол ақысы өзгеруі мүмкін 

Қазақстанда коммерциялық жүк көліктерінің жол ақысын төлеу жүйесін жетілдіру мәселесі қарастырылып жатыр.

Қандас мәртебесін алғысы келетіндер нені білуі керек? 

Қазақстанға көшуді жоспарлаған этникалық қазақ қандас мәртебесіне өтініш беруді неден бастайды? Биылғы пилоттық тәртіп бойынша алдымен қазақ тілінен тест тапсырып, сауалнама толтыру және әңгімелесуден өту қажет.

Мұнай бағасы апта қорытындысы бойынша күрт арзандауы мүмкін 

Brent маркалы мұнай бағасы бір аптада шамамен 12%-ға төмендеуі ықтимал.

Су тапшылығы: Қазақстанға қауіп бар ма? 

Қазақстанда су тапшылығы қаупі қаншалықты жоғары және алдағы жылдары елді қандай жағдай күтіп тұр?