Елімізде мемлекеттік қызметкерлерге ChatGPT қолдануға шектеу қойылды ма?

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі «GPT чатын пайдалануға тыйым салынды» деген ақпаратқа пікір білдірді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жуырда цифрлық даму вице-министрі Қаныш Төлеушин Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлерге ChatGPT пайдалануға ұзақ уақыттан бері тыйым салынғанын мәлімдеді. Тиісті бұйрыққа осы саладағы министрлік басшысы Жаслан Мәдиев қол қойғаны айтылды. Бұл тек жұмыс процестеріне қатысты болмақ, яғни деректер тарап кетпеуі үшін. Есесіне қазақстандық мемлекеттік қызметкерлерге отандық ғалымдар әзірлеген нейрожелілерді пайдалану ұсынылды.

Министрлік пікірі

Ведомство мәліметінше, мемлекеттік органдардың кейбір деректерін қорғау бойынша жүйелі жұмыс істеліп жатыр.

«Осы жұмыс шеңберінде 2024 жылы мемлекеттік секторда жасанды интеллект (AI) қолдану бойынша басшылық құжат бекітілді. Құжат AI технологияларын пайдалану кезінде киберқауіпсіздікті арттыруды мақсат етеді. Құжат ChatGPT-ді қосқанда, шетелдік AI қызметтерін пайдалануға тыйым салмайды, бірақ ықтимал тәуекелдер туралы ескертеді, әсіресе, жеке деректермен, қызметтік немесе жабық ақпаратпен жұмыс істегенде мұқият болған жөн», — деп жазылған хабарламада.

Сонымен қатар, министрлік отандық AI шешімдерін елімізде белсенді түрде дамытып, енгізіп жатқанын мәлімдеді.

«Мемлекеттік органдар пайдаланатын және қорғалған ортада жұмыс істейтін жабық желіде (ЕТС), Ұлттық жасанды интеллект платформасында мына негізгі құралдар қолжетімді: қазақ және орыс тілдеріне аудармашы, заңнама бойынша AI көмекші, сондай-ақ, сұранысқа жауап беріп, талдамалық материалдар жасай алатын үлкен тілдік модель (LLM)», — деді министрлік өкілдері.

ОСК сайлау мен референдум болмаған кезде немен айналысады?

Қазақстанда жалпыреспубликалық сайлау мен референдум өтпейтін кезде Орталық сайлау комиссиясы (ОСК) немен айналысады?

Оқушылар көктемгі каникулда қанша күн демалады?

Қазақстандық оқушылар 11 күн бойы көктемгі демалыста болады. Оғу-ағарту министрлігі мәліметінше, демалыс 19 наурызда басталып, 29 наурызға дейін созылады.

Қазақстанда тұрғын үй саудасы төмендеді 

2026 жылғы ақпан айында Қазақстанда тұрғын үйді сатып алу-сату бойынша 27 421 мәміле тіркелді.

1 сәуірден бастап тағы бір өзгеріс енгізіледі

2026 жылғы 1 сәуірден бастап балаларға арналған демалыс және сауықтыру лагерьлері міндетті түрде лицензия алуы тиіс.

Автоматты камералар жаяу жүргіншілерді жазаламайды — ІІМ түсініктеме берді

Кейбір бұқаралық ақпарат құралдарында автоматты камералар жаяу жүргіншілерді жауапкершілікке тартатыны туралы ақпарат тараған еді. ҚР ІІМ ӘПК өкілдері бұл ақпараттың шындыққа сәйкес еместігін мәлімдеді.