Елімізде ипотека қымбаттауы мүмкін — вице-премьер

Қазақстанда екінші деңгейдегі банктер үшін корпоративтік табыс салығын арттыру жоспарланып отыр. Жаңа Салық кодексі жобасында осындай норма бар. Бұл ипотекаға қалай әсер етеді? Сауалға премьер-министрдің орынбасары — ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин жауап берді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Вице-премьердің айтуынша, бұдан кейін екінші деңгейлі банктердің ипотекалық бағдарламасының құны өседі.

«Менің ойымша, иә (ипотека қымбаттайды — еск). Әрине, банк бұл пайыздарды ипотекаға аударады. Бірақ мұндай ипотеканы аласыз ба? Осы кезде мынадай пікір туындайды: қосымша бес пайызды өз құнына салу немесе тұтынушыға беру», — деді Жұманғарин Мәжілістегі брифингте.

Жұманғарин қазақстандықтарда «Отбасы банк» пен мемлекеттік ипотекалық ұйым түрінде жақсы балама бар деп есептейді.

ОСК сайлау мен референдум болмаған кезде немен айналысады?

Қазақстанда жалпыреспубликалық сайлау мен референдум өтпейтін кезде Орталық сайлау комиссиясы (ОСК) немен айналысады?

Оқушылар көктемгі каникулда қанша күн демалады?

Қазақстандық оқушылар 11 күн бойы көктемгі демалыста болады. Оғу-ағарту министрлігі мәліметінше, демалыс 19 наурызда басталып, 29 наурызға дейін созылады.

Қазақстанда тұрғын үй саудасы төмендеді 

2026 жылғы ақпан айында Қазақстанда тұрғын үйді сатып алу-сату бойынша 27 421 мәміле тіркелді.

1 сәуірден бастап тағы бір өзгеріс енгізіледі

2026 жылғы 1 сәуірден бастап балаларға арналған демалыс және сауықтыру лагерьлері міндетті түрде лицензия алуы тиіс.

Автоматты камералар жаяу жүргіншілерді жазаламайды — ІІМ түсініктеме берді

Кейбір бұқаралық ақпарат құралдарында автоматты камералар жаяу жүргіншілерді жауапкершілікке тартатыны туралы ақпарат тараған еді. ҚР ІІМ ӘПК өкілдері бұл ақпараттың шындыққа сәйкес еместігін мәлімдеді.