Елімізде газ бағасы көтерілуі мүмкін

Қазақстанда газ бағасы көтерілуі мүмкін. Бұл туралы үкімет отырысында энергетика министрі Алмасадам Сатқалиев мәлімдеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Энергетика министрлігі басшысының айтуынша, бүгінде Қазақстанда тауарлық газдың орташа құны мың текше метріне 33 169 теңге болады. Бұл ретте тауарлық газдың бекітілген көтерме бағасы 23 646 теңге болады.

«Газ саласына инвестиция тарту және тауарлық газдың өзіндік құнына қолжеткізу үшін газ бағасын кезең кезеңімен көтеру қажет, бұл ретте халық үшін бағаның күрт өсуіне жол бермеу ескерілуі керек», — деді Алмасадам Сәтқалиев.

Министр Қазақстан 2024 жылдың 1 шілдесінен бастап ішкі нарықта тауарлық газды көтерме сатудың шекті бағасын орташа есеппен 14,6 пайызға өсіммен қайта қарағанын еске салды.

«Тұтастай алғанда, үш жыл ішінде ішкі нарықта газды шығынсыз сатуға қолжеткізу жоспарланған, бұл елдің газға деген өсіп келе жатқан қажеттілігін өтеуге және еліміз үшін маңызды инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді», — деп қосты Сәтқалиев.

Өзбекстан президенті Мирзиёев Тоқаевты референдум табысты өтуімен құттықтады

Мемлекет басшысы Өзбекстан президентімен телефон арқылы сөйлесті.

“Енді 15 наурызды Конституция күні ретінде қарсы аламыз“ — Президент

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық референдум барысында жүргізілген экзит-полл қорытындысымен танысты.

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституциямыз құтты болсын!

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық референдум барысында жүргізілген экзит-полл қорытындысымен танысты

Еуразиялық интеграция институты жүргізген сауалнама бойынша Exit poll нәтижесі

Қазақстандықтардың 86,7%-ы «Иә, қабылдаймын» деп жауап берген.

Нұрсұлтан Назарбаев референдумда дауыс берді

Нұрсұлтан Назарбаев "Астана Опера" театры аумағында орналасқан дауыс беру учаскесінде таңдау жасады.