Елімізде емханаға тіркелу ережесі өзгереді 

Қазақстанда азаматтардың емханаға тіркелу ережесіне өзгеріс енгізу жоспарланып отыр. Денсаулық сақтау министрлігі тиісті түзетулерді әзірлеп, құжатты қоғамдық талқылауға шығарды.

Қазір қолданыстағы тәртіп бойынша қазақстандықтар бастапқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін мемлекеттік немесе Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорымен келісімшарт жасасқан жекеменшік емханалардың біріне тіркеле алады. Бұған дейін емхананы ауыстыру арнайы науқан кезінде ғана жүргізіліп келген.

Жүйедегі өзгеріс туралы BAQ.KZ тілшісіне Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Әсел Қыдыралиева түсіндіріп берді.

Оның айтуынша, жаңа өзгерістер қабылданса, азаматтар енді емхананы жылына бір рет кез келген уақытта ауыстыра алатынын айтты. Яғни бұрынғыдай нақты мерзімді күтудің қажеті болмайды.

Айта кетерлігі, бұған дейін тіркелу науқаны күз айларында өткізілетін. Себебі Медициналық сақтандыру қоры келесі жылға арналған қаржыландыру көлемін алдын ала есептеген кезде емханалардағы тіркелген тұрғындар санын негізге алатын.

Қазір жүйе өзгерген. Қаржыландыру ай сайын жүргізілетіндіктен, пациенттердің басқа емханаға ауысуына мүмкіндік кеңейіп отыр.

Жаңа тәртіп күшіне енсе, азаматтар қайта тіркелгеннен кейін келесі айдан бастап жаңа емхананың қызметін пайдалана алады. Бұған дейін мұндай мүмкіндік тек келесі жылдың басынан бастап берілетін.

Сонымен бірге басқа қалаға немесе ауданға көшкен кезде, сондай-ақ медициналық ұйым жабылған жағдайда басқа емханаға тіркелу мүмкіндігі сақталады.

Құжаттағы тағы бір өзгеріс емханалардың қызмет көрсету аумағына қатысты. Министрлік енді жаңа емхана ашылған жағдайда тұрғындарды медициналық ұйымдар арасында тең бөлу тетігін нақтылай түспек.

Ведомство өкілдерінің айтуынша, егер белгілі бір ауданда Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорымен жұмыс істейтін жаңа емхана пайда болса, жергілікті денсаулық сақтау басқармалары сол аумақтағы қызмет көрсету шекараларын қайта қарауы мүмкін. Бұл тұрғындардың медициналық қызметке қолжетімділігін теңестіру үшін қажет.

Тоқаев 2027 жылдан бастап бизнесті тексеруге мораторий енгізуді талқылауды ұсынды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап шағын...

2029 жылдың соңына дейін Ұлттық қордан 6,5 триллион теңге бөлінеді: қаржы қайда жұмсалады?

Президент әлеуметтік-экономикалық маңызы бар нысандар салуға және оны жаңғыртуға...

Жас ұрпаққа озық әрі мықты Қазақстанды қалдыру – Президент ұлт алдында тұрған стратегиялық міндетті атады

емлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялап жатыр,...

Магистратура мен докторантураға түсуге өтініш қабылдау басталды

Өтініш қабылдау 2026 жылғы 10 қарашаға дейін жалғасады.