Елімізде доллар арзандағанымен, баға неге түспейді? Маман жауап берді

Сарапшылардың сөзінше, елімізде ең көп қымбаттаған тұрғын үй бағасы екен. Мысалы, Алматыда жаңа салынған үйдің бір шаршы метрі үшін 600 мың теңге сұрайды. Тек наурыз айында баға 70 мың теңгеге арзан болған. Ал астанада баспана құны тек 4,5%-ға көтерілген. Сарапшы Андрей Чеботаревтың сөзінше, құрылыс компаниялары жағдайдың тұрақты болатынына сенімді болмағандықтан, бағаны түсіруге асықпай отыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Astana арнасына сілтеме жасап. 

19 сәуірде доллар арзандап, теңгеге шаққандағы бағамы 443 теңге болған. Бұған мұнайдың қымбаттауы да айтарлықтай әсер еткен.

«Біріншіден, компаниялар теңгенің қаншалықты тұрақты болатынын білмейтін, былайша айтқанда ұлттық валютамызға сенбейді. Сондықтан бағаны түсіруге асықпайды. Екіншіден, Ресей рублі жасанды жағдайда нығайып келеді. Бірақ жасанды болғандықтан, келіп-кетер пайда жоқ. Біздің нарық Ресей нарығына әлі де әсер етеді. Рубльдің жасанды нығаюы экономикада бәрі жақсы дегенді білдірмейді», — деді экономикалық сарапшы Андрей Чеботарев. 

Каспий құбыр желісі де үлкен маңызға ие. Премьер-министр орынбасары Ерұлан Жамаубаевтың сөзінше, құбыр желісінде болған апаттан келген шығын 100 миллиард теңгеден асуы мүмкін екен. 

«Қазір нақты сандарды ешкім айта алмайды, себебі ақауды қанша уақытта жоятыны, қандай да санкция шараларының болу-болмауына байланысты. Әзірге 100-150 миллиард теңге деп айтуға болады. Егер тезірек жөнделсе, шығын да аз болады», — деді Ерұлан Жамаубаев. 

Автоматты камералар жаяу жүргіншілерді жазаламайды — ІІМ түсініктеме берді

Кейбір бұқаралық ақпарат құралдарында автоматты камералар жаяу жүргіншілерді жауапкершілікке тартатыны туралы ақпарат тараған еді. ҚР ІІМ ӘПК өкілдері бұл ақпараттың шындыққа сәйкес еместігін мәлімдеді.

Елімізге көптен күткен көктемгі жылу қашан келеді?

Бұл сұраққа Қазгидромет синоптиктері жауап берді.

Мұнайдың қымбаттауы Қазақстан бюджетіне қалай әсер етеді?

Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов мұнай бағасының қымбаттауынан Қазақстанға түсетін қосымша пайда туралы сұраққа жауап берді.

Ораза айт — 2026: қай күні тойланады және мерекенің мәні неде?

Ораза айт – мұсылмандар үшін маңызды мерекелердің бірі. Бұл күн қасиетті Рамазан айының аяқталуын білдіреді және бір ай бойы ұстаған оразаның қорытындысы саналады.

Салық кодексі тағы өзгереді: үкіметте қандай түзетулер талқыланып жатыр?

Үкіметте Салық кодексін енгізу жөніндегі жобалық кеңсе жұмысының алдын ала қорытындысы қаралды.