Елімізде дене шынықтыру және спорт туралы жаңартылған заң күшіне енді

Қазақстанда дене шынықтыру және спорт туралы жаңартылған заң күшіне енді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жаңа заң спорт саласын жаңғыртуға, спорт саясатының тиімділігін арттыруға және бюджет қаражатын оңтайлы пайдалануға бағытталған:

  • Командалық спорт түрлеріндегі клубтарды ұстауға арналған бюджет лимиттері айлық есептік көрсеткішке (АЕК) байланысты бекітілді. Бұл инфляцияны ескеруге және қаржыландыру көлемі жыл сайын қысқармауына мүмкіндік береді.
  • Бүгінде басым бағыт ретінде 60-тан аса спорт түрі айқындалды. Олардың шамамен 30-ы еліміздің әрбір өңірінде қолға алынады. Бұл қатарға Олимпиада, Паралимпиада, Сурдлимпиада, Азия және Пара Азия ойындары бағдарламасына енген, сондай-ақ, ұлттық спорт түрлері кіреді.
  • Спорт федерацияларының мәртебесі нақтыланды: республикалық және өңірлік бірлестіктер ұлттық аккредиттелген федерациялар деңгейіне ауыстырылды.
  • І топтағы мүгедектігі бар спортшылардың сүйемелдеушілері заңмен қорғалды. Олар спортшыға киім ауыстыру, арбаны алмастыру, медициналық тексерістен өту және өзге де жағдайларда көмектеседі.
  • Спорт ұйымдары басшыларын бес жылдық мерзіммен ротациялау жүйесі енгізілді. Егер белгілі бір ауданда жалғыз спорт ұйымы болса, ротация сол облыс шеңберіндегі көршілес аудан немесе қала арасында жүзеге асырылады. 

Айта кетейік, бұл заңға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 15 сәуірде қол қойды. 

Автоматты камералар жаяу жүргіншілерді жазаламайды — ІІМ түсініктеме берді

Кейбір бұқаралық ақпарат құралдарында автоматты камералар жаяу жүргіншілерді жауапкершілікке тартатыны туралы ақпарат тараған еді. ҚР ІІМ ӘПК өкілдері бұл ақпараттың шындыққа сәйкес еместігін мәлімдеді.

Елімізге көптен күткен көктемгі жылу қашан келеді?

Бұл сұраққа Қазгидромет синоптиктері жауап берді.

Мұнайдың қымбаттауы Қазақстан бюджетіне қалай әсер етеді?

Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов мұнай бағасының қымбаттауынан Қазақстанға түсетін қосымша пайда туралы сұраққа жауап берді.

Ораза айт — 2026: қай күні тойланады және мерекенің мәні неде?

Ораза айт – мұсылмандар үшін маңызды мерекелердің бірі. Бұл күн қасиетті Рамазан айының аяқталуын білдіреді және бір ай бойы ұстаған оразаның қорытындысы саналады.

Салық кодексі тағы өзгереді: үкіметте қандай түзетулер талқыланып жатыр?

Үкіметте Салық кодексін енгізу жөніндегі жобалық кеңсе жұмысының алдын ала қорытындысы қаралды.