Елімізде балабақшаларға бірыңғай кезекке тұру іске қосылады

Премьер-министр Әлихан Смайылов кеңес өткізіп, онда білім саласын дамытудың өзекті мәселелері қаралды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқу-ағарту министрлігі халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан балаларға мемлекеттік тапсырыс шеңберінде жекеменшік мектептерде оқу кезінде Жаппай оқыту қорынан (мектеп формасымен, тамақпен қамтамасыз ету және т.б.) көмек алуға мүмкіндік беруді ұсынды. Қазіргі уақытта бұл норма мемлекеттік мектептерде ғана қолданылады. Премьер-министр бұл ұсынысты қолдады.

Сондай-ақ, қиын жағдайға тап болған және мемлекеттік тапсырыс алатын балабақшаларға баруға мүмкіндігі жоқ отбасылардан шыққан балалар үшін тамақтануға ақы төлеу тетігін іске асыру мәселесі қаралған. Бұл шараны 2023 жылдың басында іске қосылатын «Отбасының цифрлық картасы» сервисі арқылы жүзеге асыру ұсынылды. Алдағы уақытта азық-түлік шығындарын төлеу үшін дағдарыс жағдайындағы отбасылардан шыққан балалар анықталады.

Әлихан Смайылов мемлекеттік органдардың қажетті ақпараттық жүйелерін интеграциялауды аяқтауды және осы бастаманы қаржыландыру тетігін пысықтауды тапсырды. Бұл ретте ол қаражатты мақсатсыз пайдалануды болдырмау үшін олардың тиімді игерілуін бақылауды қамтамасыз ету қажеттігіне назар аударды.

«Президенттің тапсырмасы бойынша біз білім беруге қомақты қаражат бөлеміз және жаңа бастамаларды іске асыруға қосымша ақша бөлуге дайынбыз, бірақ сапа мен тиісті бақылауды қамтамасыз ету қажет», — деді Әлихан Смайылов.

Сонымен қатар, кеңеске қатысушылар орталықтандырылған деңгейде балабақшаларға бірыңғай кезекті іске қосу мәселесін талқылады, бұл бюджет қаражатын үнемдеуге және орындарды бөлу кезінде сыбайлас жемқорлықты болдырмауға мүмкіндік береді. Атап айтқанда, екінші деңгейдегі банктер қосымшалары мен Egov арқылы кезекке тұру және тиісті жолдама алу қарастырылған.

Әлихан Смайылов бұл бастаманы қолдап, жаңа жүйеде ұйымдастырушылық тәртіпті, оның ішінде қосарланған кезекті болдырмауды, балалардың деректерін тексеруді және т. б. толық қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтті.

Тоқаев: Цифрландыру және жасанды интеллектіні дамыту – бүгінгі күннің талабы 

Мемлекет басшысы цифрландыру және жасанды интеллектіні дамыту – бүгінгі күннің талабы екенін айтты.

Қорғаныс министрі қаза тапқан әскери қызметшілердің туыстарымен кездесті 

Қорғаныс министрі қаза тапқан және зардап шеккен әскери қызметшілердің туыстарымен кездесті.

Елімізде 1 қаңтардан бастап кімдердің жалақысы 40%-ға дейін көтеріледі 

2027 жылғы 1 қаңтардан бастап учаскелік дәрігерлер мен медицина қызметкерлерінің жалақысын 40%-ға дейін көтеру жоспарланып отыр.

ЖОО-дағы оқу мерзімі қысқарады. Кімдер университетті 3 жылда аяқтай алады?

Қазақстанда жоғары оқу орындарына бакалавриат бағдарламаларын үш жылда аяқтауға заң жүзінде мүмкіндік берілген. Алайда бұл барлық мамандыққа қатысты емес, ал оқу мерзімі қысқарғанымен, білім беру бағдарламасының көлемі азаймайды.

Германия тарихында алғаш рет әйел адам президент болуы мүмкін 

Германияда әйелді алғаш рет президенттік лауазымға кандидат ретінде қарастырып жатыр.