12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Елімізде азық-түлік тағы қымбаттай ма?

Қазақстанда азық-түлік тағы 40-50 пайызға қымбаттауы мүмкін. Экономист Андрей Чеботаревтің айтуынша, импортқа тәуелді кез келген ел сияқты, республика да тұрақсыз логистикадан зардап шегуі мүмкін, әсіресе, қазіргі геосаяси жағдайда. Кейбір мемлекеттер тауарлардың экспортын шектесе, басқалары уәде етілген көлемдегі өнімді алмайды. Сарапшы бұған қарамастан Қазақстан халқына аштық қауіп төндірмейді дейді, деп хабарлайды Астана телеарнасына сілтеме беріп Stan.kz ақпарат агенттігі.

“Қазіргі көрсеткіштен 40-50%-ға және одан да көп. Біз өзімізді негізгі тауарлармен қамтамасыз етіп отырмыз, яғни бидай, астық, нан. Біз Таяу Шығыс сияқты қатты зардап шекпейміз. Оларды расымен де аштық күтіп тұр. Бұрынғыдай емес, аз жейтін боламыз, бірақ аш қалмаймыз”, – деді маман.

Дүниежүзілік сауда ұйымының бас директоры Нгози Оконджо-Ивеала әлемдік азық-түлік бағасының өсуіне экспорттық шектеулер себеп болғанын айтқан болатын. Оның айтуынша, елдер экспорт шарттарын қайта қарауы керек. Сондай-ақ ол Украинадан астық экспорттау мәселесі шешілетініне сенім білдірді.

Бұған дейін Батыс елдері Ресейді Украинаның ауылшаруашылық өнімдерін жеткізуге тосқауыл қойып отыр деп айыптап, бұл әлемде ашаршылыққа әкелуі мүмкін екенін жеткізді. Ресей билігі бұл айыптауларды жоққа шығарады.

“Менің ойымша, біз естен шығармауымыз керек нәрселердің бірі – экспорттық шектеулер мен тыйымдардың жағдайды нашарлатуы. 2008 және 2009 жылдардағы азық-түлік дағдарысы кезінде бағаның шарықтауына дәл осындай әрекеттер әкелген”, – деді Нгози Оконджо-Ивеала.

Ерлан Өтегенов Бас прокурордың орынбасары болып тағайындалды

Ерлан Өтегенов Бас прокурордың орынбасары лауазымына тағайындалды,

Нұрайдың өліміне қатысты іс: күдікті өмір бойына сотталуы мүмкін

Шымкентте 21 жастағы Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты іс бойынша жаңа дерек айтылды.

Биыл елімізде жылыжай саны 10%-ға өсті

2026 жылғы 1 қаңтар жағдайы бойынша Қазақстан Республикасында 2 319 жылыжай тіркелген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 10%-ға көп.

Әлемде алтын бағасы қымбаттады. Сарапшы не дейді?

2025 жылдың соңында жаһандық алтын нарығы бұрын-соңды болмаған деңгейге жетті. Алтынға деген жалпы сұраныс, биржадан тыс операцияларды қоса алғанда, 5 002 тоннаны құрады.

Жаңа Ата заңда адам құқығы қалай күшейеді?

Конституциялық реформа мемлекеттіліктің іргесін бекітіп, егемендік пен тәуелсіздікті қорғауды нақты қағидаға айналдырумен қатар, биліктің алмасуын айқын әрі мызғымас тетік арқылы бекітуді көздейді.