Елімізде ауа райы қандай болады?

«Қазгидромет» РМК дүйсенбі, 17 маусымға арналған Қазақстан аумағы бойынша ауа райының болжамын жариялады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Синоптиктердің болжамына сәйкес, елімізде нөсер жаңбыр жауып, бұршақ түседі, қатты жел соғады деп күтіледі.

«ҚР аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы сақталады: найзағаймен ойнап, жаңбыр жауады, еліміздің солтүстігінде қатты жаңбыр жауады, бұршақ түседі, дауыл тұрады деп күтіледі. Тек оңтүстік-батыс, оңтүстік өңірлерде ғана жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республикамыз бойынша сипат алатын ортақ табиғи құбылыс — желдің екпін алуы», — делінген хабарламада.

Күндіз БҚО, Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау, Қызылорда облыстарының оңтүстігінде, Ұлытау облысының оңтүстігінде, Атырау облысының оңтүстігінде, Ақтөбе облысының батысында аптап ыстық сақталады.

Ұлытау, Жамбыл, Алматы облыстарында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, солтүстігінде , батысында, солтүстік-шығысында, Ақтөбе өңірінің орталығында, Маңғыстау облысының теңіз жағалауында, батысында, Ақмола облысының оңтүстігінде, Жетісудың өңірінің солтүстігінде, Абай облысының орталығында, батысында, Қарағанды қаласында, Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарының оңтүстігінде, Қызылорда облысының солтүстік-батысында, шығысында өрт қаупі жоғары.

Атырау, Маңғыстау, Түркістан, Қызылорда облыстарында, Батыс Қазақстан облысының батысында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, Жамбыл облысының батысында, шығысында, оңтүстігінде , орталығында, Алматы облысының оңтүстігінде, ШҚО, Қостанай, Қарағанды, Жетісу, Абай облыстарының оңтүстігінде, орталығында, Ұлытау облысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Елімізде кейбір мемлекеттік награданы беру тәртібі өзгерді

Мемлекеттік ордендер тізіміне тарихи тұлғалардың есімімен аталған наградалар енгізілді.

Ақтауда еден жуушының шелегін тепкен әйелге айыппұл салынды

Ақтауда мектеп басшысының әйелі тазалықшының шелегін теуіп, оны балағаттағаны үшін ұсақ бұзақылық жасаған деп танылды.

Президент Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл отырысын өткізеді 

Жиын барысында Президент «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры мен «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басшыларының сыбайлас жемқорлық қылмысына қатысы бар деген күдікпен ұсталуына байланысты мемлекеттің позициясын жеткізеді.

Қазақстан ажырасу бойынша әлемнің ТОП-15 еліне кірді: АҚШ-пен көрсеткіші бірдей 

Зерттеу нәтижесі бойынша, Қазақстанда 15 жастан асқан әрбір 1000 адамға шаққанда ажырасу коэффициенті 2,9 болған. Бұл көрсеткішпен еліміз 66 мемлекеттің арасында 14-орынға орналасқан.

Мектептерге жаппай Face ID жүйесін енгізу жоспарланып отыр

Қазақстандағы барлық мектепте Face ID технологиясы арқылы кіруді бақылау жүйесін енгізу жоспарланып отыр.