Елімізде қанша босқын тұрады?

Бүгінде Қазақстанда пана іздеген 265 адам мен 301 босқын тұрады, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәліметінше, республика аумағында заңды түрде пана алған барлық шетелдік Қазақстанның босқындарға қатысты халықаралық қоғамдастық алдындағы міндеттемелеріне сәйкес мемлекет тарапынан қорғаумен және қолдаумен қамтамасыз етілген.

Статистика қандай?

«Қазір Қазақстанда пана іздеген 265 адам және 301 босқын өмір сүреді. Олардың көпшілігі Алматы қаласы мен Алматы облысында тұрады», — деп жазылған хабарламада.

Олардың құқығы қандай?

  • Елде пана іздеушілер мен босқындарға тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде медициналық көмек және қолданыстағы заңнамаға сәйкес атаулы әлеуметтік көмек көрсетіледі.
  • Сондай-ақ, босқындар мен пана іздеушілер еңбек бостандығы мен кәсіпкерлік қызметке де құқылы. Олардың елімізде жүрген басқа шетелдіктерден айырмашылығы сол — жұмыс істеуге жергілікті атқарушы органның рұқсатын алу талап етілмейді.
  • Қазақстан заңнамасы балалардың, оның ішінде босқындар мен баспана іздеп жүрген адамдардың балаларының тегін негізде мектепке дейінгі, бастауыш, жалпы орта білім алуына, сондай-ақ, конкурстық негізде жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуына құқығын қамтамасыз етеді.
  • Босқындар Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға және тұрақтап қалуға өтініш жасауға құқылы. Құжаттарды тапсыру кезінде оларға келген елінде сотталмағаны туралы анықтама ұсыну талап етілмейді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан президентін Тәуелсіздіктің 35 жылдығымен құттықтады 

Мемлекет басшысы Тәжікстан Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

2 млн теңгеге дейін жалақы: Елімізде кімдерге сұраныс жоғары? 

Қыркүйек айының басындағы жағдай бойынша Enbek.kz платформасында 105 907 өзекті бос жұмыс орны бар.

Жаңбыр, найзағай: 15 облыста дауылды ескерту жарияланды 

Сонымен қатар көптеген облыста жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады.

Қазақстанда вакциналарды сақтау температурасы онлайн бақыланады 

Жаңа жүйе тоңазытқыш жабдықтарындағы температура туралы мәліметтерді бірыңғай цифрлық платформаға автоматты түрде жібереді.

«Қыркүйек» пе, әлде «қыргүйек» пе? Оқу-ағарту министрі даулы сөзге қатысты пікір білдірді 

Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова Үкімет отырысынан кейінгі брифингте қоғамда талқыға түскен «қыркүйек» сөзінің жазылуына қатысты пікір білдірді.