12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

«Әділ заң – тірегің»

Елордада Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен Мақсұт Нәрікбаев атындағы Қазақ гуманитарлық университетінің ұйымдастыруымен «Сыбайлас жем­қорлыққа қарсы ғылыми сараптаманы жетілдірудің өзекті мәселелері» атты халықаралық форум өтті. Форум барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін бағалау әдіснамасын жетілдірудің өзекті және проблемалық, сондай-ақ, норма шығару жұмысын жетілдіру мәселелері қаралған еді.
Жиында сөз алған неміс акаде­миялық алмасу қызметінің – DAAD заң бойынша оқытушысы Майкл Вилдингтің айтуынша, жалпы сыбайлас жемқорлықтан туатын қолайсыздық – қоғамдағы өзгерген нормалар мен құндылықтардың көрінісі. Сонымен бірге, бұл адамдар үшін аса маңызды екенін естен шығармауымыз керек. Егер олар өздерінің жүріс-тұрысының жемқорлық кейпінде бұзылғанын байқамаса, онда алдымен сол жемқорлыққа қарсы білімді түсіндіру керек.
Жалпы, бас қосуда айтылған әңгімеден түйгеніміз соңғы екі жыл ішінде елімізде нақты заңдарда көрініс тапқан сыбайласқан қылмысқа қарсы бастамалардың үш шоғыры қабылданып, өздерін тиімді алдын алу құралдары ретінде көрсетті. Халықаралық талаптарды ескере отырып жасалған Президент реформалары жобаларының төртінші пакеті Парламент қарауында жатыр.
Жемқорларға ықпал ететін қылмыстық-құқықтық шаралар сыбайласқан қылмысқа қарсы күрес шараларының ішінде болуы қажеттігі күмәнсіз. Алайда, сыбайласқан қылмыспен күресте басымдық дер кезінде оның алдын алуға жасалуы керек. Осы тұрғыда нормативтік-құқықтық актілерге сыбайласқан жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама сыбайласқан жемқорлықтың алдын алудың тиімді құралына айналды. Ол қолданыстағы нормативтік-­құқықтық актілердегі сыйбайласқан жемқорлық тәуекелдерін көптеп айқындауға бағытталған.
Заңдар мен нормативтік құқық­тық актілердің кемшілігі құқық қолданушылардың сауатсыздығы және азаматтардың құқықтық мәдениетінің төмендігімен тереңдей түсуде. Бұған ведомсволық мүдделерді қорғау арқылы заңды жасаушы органдар да құжат жобасының мәтініне сыбайласқан жемқорлық белгілері бар нормаларды салуымен жол ашып жатыр. Осы орайда нормативтік-­құ­қықтық актілерге сыбайласқан қылмысқа қарсы сараптама жаңа үлгіде қалпына келтіріліп, оған қарсы күреске белгілі деңгейде пәрмен беруде нақты қадамдар бар. Мәселен, 2019 жылы «Құқықтық актілер туралы» заң жобасына сыбайласқан жемқорлыққа қарсы нормативтік-құқықтық актілердегі сыбайласқан жемқорлық нормаларын анықтап, оларды жоя­тын ұсыныстар мен нормаларды жасауды көздейтін өзгерістер енгізіліпті. Заң нормаларын орындау мақсатында Үкіметтің қаулысымен нормативтік-құқықтық актілердегі сыбайласқан жемқорлыққа қарсы ережелер мен олардың орындалу мерзімдері бекітілді. Нормативтік-құқықтық актілердегі сыбайласқан жемқорлыққа қарсы сараптаманы ұйымдас­тыру уәкілетті органға жүктеліп, оның тарапынан тиісті құқықтық база жасалған. Атап айтқанда, сыбайласқан жемқорлыққа қарсы сараптаманы жүргізу үшін сарапшыларды іріктеу ережесі, үйлестіруші мен сарапшы арасындағы үлгілік келісім, сыйбайласқан жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптаманы жүргізудің әдістемелік ұсынымдары бар.
Сараптаманы өткізуді қаржыландыру республикалық бюджет есебінен Қазақстан заңдарымен белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптаманы өткізуді үйлестіру ғылыми мекемеге немесе жоғары оқу орынына беріледі. Олар еліміздің мемлекеттік сатып алулар туралы заңдарына сай анықталады. 2020–2021 жылдары әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, 2022 жылы М.Нәрікбаев атындағы Қазақ гуманитарлық университеті үйлестіруші болды.
Сыбайласқан жемқорлыққа қарсы сараптаманы жүзеге асырған­нан бері бұл шараға 12 мың нормативтік-құқықтық акт қамтылып, олардан 32 мың сыбайласқан жем­қорлық тәуекелінің факторы анық­талды. Сараптама қорытындысы бойынша 52,7 пайызында ұсыныс­тар есепке алынған 5,2 мыңға жуық нормативтік-құқықтық акт қолданысқа енді. Осылайша қабылданған нормативтік-құқықтық актілердің жартысынан астамында олардың жасалу барысында сыбайласқан қылмыс қатерлері жойылды. Яғни, мемлекет сыбайласқан қылмыс жолына тағы бір тосқауыл қойып отыр. Бұл жұмыстағы негізгі жаңалық қоғам мен академиялық қауымдас­тық өкілдерінің көптеп тартылуы. 700-ден астам адам сыбайластыққа қарсы сараптамаға қатысуға ықылас танытты. Конкурстық байқау нәтижесі бойынша олардың 164-і тиісті тізімге енгізілді.
Алғашқы кезеңде сарапшылар өте ауқымды жұмыс жасап, күніне 30 нормативтік-құқықтық актіге сараптама жасалып тұрды. Мәселен, 2020 жылдың қараша-желтоқсан айларында 125 сарапшы 3500 нормативтік-құқықтық актіге сараптама жасапты.
Сыбайласқан қылмысқа қарсы сараптаманың тиімділігі сарапшылардың кәсіби біліктілігіне, парасатына тікелей байланысты. Егер сарапшы немесе сарапшылар тобы сыбайластыққа қарсы сараптаманың қорытындысында қамтылған, өздері дайындаған ұсынымдардың негізділігі үшін жауапты болады. Олар үнемі білімін жетілдіріп тұрады. Биыл сарапшылардың қосымша конкурстық іріктеуі ұйымдастырылып, онда 100 үміткердің 18-і өтті. Осындай қысқа уақыт ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама сыбайласқан қылмысқа қарсы саясатты іске асыруда пәрменді құралға айналды және өзінің өміршеңдігін дәлелдеді. Алайда, кез келген жаңа институттағы сияқты, оны жүзеге асыру тәжірибесі бірлескен күш-жігермен жеңілетін бірқатар кемшіліктердің бар екенін көрсетті.
Ең бастысы сыбайлас жемқорлықтың тамыры сапасыз заңдарда жатыр. Олардың едәуір бөлігі заң­дар мен заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердегі ақаулардың арқасында мүмкін болады. Енді біразы заң шығарушы органдар жасаған заң қателіктерінің салдарынан немесе сыбайлас жемқорлық әрекеттері мен схемаларын жасыру мақсатында туындайды. Тоқетерін айтқанда, бір жағынан, заң шығару қызметі аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың құқықтық негіздері қалыптасса, екінші жағынан, оларды қолдану кезінде сыбайлас жемқорлық көріністеріне ықпал ететін ережелер пайда болады. Жалпы, құқықтық актілердің жоғары сапасын қамтамасыз ету – сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың тиімді орындалуын қажет етеді.

А.Тұрмағанбетова,
«Заң газеті»

Оқушы білімі vs жасанды интеллект: Балаларды қалай бағалау керек?

Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов жасанды интеллекттің (AI) қазіргі өміріміздің ажырамас бөлігіне айналғанын атап өтіп, білім беру саласында оның әсерін түсіну және қолдану қажеттігін айтты.

Қазақстандықтар орташа есеппен 75 жастан көп өмір сүреді

Қазақстан Республикасының 2029 жылға дейінгі Ұлттық даму жоспарына сәйкес, күтілетін өмір ұзақтығы негізгі ұлттық көрсеткіштердің бірі.

Мемлекет басшысы Жапония Императоры Нарухитомен кездесті

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жапонияға алғашқы ресми сапары Император Нарухитомен кездесуден басталды.

Журналистер кәсіби қызметі үшін қудаланбайды – Аида Балаева

Премьер-министрдің орынбасары – ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева елдегі БАҚ саласына қатысты пікір білдірді.

ЕГЕМЕН ЕЛДІҢ ТІРЕГІ – ЗАҢ

Тəуелсіздік – бір сəттік шешім емес. Ол күн сайын қабылданған заңмен, Парламент мінберінде айтылған жауапты сөзбен, халық алдындағы адал міндетпен қайта-қайта дəлелденіп отыратын тарихи жауапкершілік.