12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Денсаулыққа келген залалдың өтемі қандай?

Заң алдында азаматтардың құқығы тең. Еңбекке қатысты қарым-қатынасты реттеуде де осы мәселеге баса назар аударылған. Әсіресе, қызмет барысында азаматтардың денсаулығына келтірілген зиян міндетті түрде өтелуі тиіс. Бұл тақырыптың өзектілігі соңғы жылдары арта түсті. Өйткені нарықтық экономикаға бейімделген елімізде жұмыс табу, сол жұмыстан ажырап қалмау басты мәселенің бірі саналады. Жұмыстан шеттетілмеу үшін кейбір азаматтар еңбек келісімшартынсыз еңбек етуге, жұмыс берушінің талабына қарсы келмеуге әбден бейімделген. Ал еңбек келісімшарты жасалмаған азаматты жұмыс берушінің кез келген уақытта жұмыстан шығарып жіберуі, жалақысын бермей қоюы мүмкін. Ол аздай, мұндай азаматтар өндіріс барысында денсаулығына залал келіп, өндірістік жарақат алса да өзінің құқығын қорғай алмайды. Мұндай жағдайда өтемақы өндірудің де қиындай түсетінін ескергеніміз жөн.

Соңғы жылдардағы сот практикасын таразылай отырып өндірістік жарақат салдарынан зиянды өтеу туралы даулардың өскенін байқауға болады.  Өйткені неғұрлым көбірек табыс тауып, барынша аз шығын шығаруды ойлайтын жұмыс берушілер қол астындағы азаматтардың қауіпсіздігіне, денсаулығын сақтауға көңіл аудара бермейді. Әсіресе Алматы, Нұр-Сұлтан, Түркістан секілді жұмыс орындары мен құрылыс ошақтары көп шоғырланған қалаларда азаматтық істердің басым бөлігін еңбек даулары құрайды.

Өндірістік жарақаттар мен кәсіби ауруға шалдыққан жұмысшылардың денсаулығына байланысты зиянды өтеу тәртібі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде және Еңбек кодексінде көрсетілген. Сондай-ақ залал көлемін есептеуде «Қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы» деп аталатын заң да негізгі құжаттың бірі. Азаматтық кодекстің 917-бабына сәйкес зиянның болуы; зиян келтірілген әрекеттің заңсыздығы; әрекет пен пайда болған нәтиже арасындағы себептік байланыс; зиян келтірушінің кінәсі назарда ұсталады. Кодекстің  917-бабының 1-тармағы зиянды толық көлемде өтеу қағидатын бекіткен.

Қызметкердің өміріне және денсаулығына келтірілген зиян қалай есептеледі? Бұл жалпы үлкен талас тудыратын мәселе. Сот денсаулыққа келтірілген зиянды есептегенде кеткен шығын мен шеккен зардапты ескере отырып ақылға қонымды сома белгілейді. Жұмыс берушінің материалдық жауаптылығы Еңбек кодексінің 122-бабында толық көрсетілген. Яғни, қызметкердің жұмыс барысында денсаулығын жоғалтып, зақым келгені дәлелденсе,  табыс және денсаулыққа зақым келтіруден туындаған шығыстар жұмыс берушіден өндіріледі. Жәбірленушінің емделуге, дәрі-дәрмек сатып алуға, протез салғызуға, санаторий курорттық емделуге, басқа кәсіпті меңгеруіне кеткен шығын толықтай жұмыс берушіден өндіріледі. Ал егер жәбірленуші көмек пен күтімге мұқтаж болса және оларды тегін ала алмаса, мұның шығыны да кінәсі дәлелденген жұмыс беруші тарапынан өтелуге жатады.

Өкінішке орай, азаматтар жұмыс берушіден өз құқықтарын талап етуге құлықсыз. Кейде бұған азаматтардың құқықтық, қаржылық сауатының кемдігі де өз әсерін тигізбей қоймайды. Сондықтан сот жүйесі тарапынан ең дауларының алдын алу, өндірістік жарақаттарға жол бермеу, еңбек алаңындағы жұмысшылар құқығын қорғауға бақытталған заңдық, құқықтық түсіндіру жұмыстары алдағы уақытта да жалғаса беретін болады.

Әсет Боранбаев,

Алматы қаласы Медеу аудандық сотының төрағасы

Тараптарды азаматтық істер бойынша хабарландыру

Азаматтық процесс — бұл сот пен процеске қатысушылар арасындағы...

Электронды сот төрелігі

Сот төрелігі - іс жүргізу тәртібімен жасалатын, азаматтық және...

Көліктегі қылмыстар туралы

Механикалық, оның ішінде автомобильдік көлік, дұрыс емес пайдаланған жағдайда...

ЗАҢНАМАДА ӘЙЕЛДЕР ҚҰҚЫҒЫ ҚОРҒАЛҒАН БА?

Әрбір қоғамның құқықтық жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылатын әйелдер...

Электронды сот төрелігінің тиімділігі

Ғылым мен техника қарыштап дамыған қазіргі уақытта өркениетті елдерде...