12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Дене жарақатын алған Қойбағаровтың арызы неге қаралмады?

Бұған дейін спорттық киім киген үш жігіттің Алматы қаласының тұрғыны, екінші топ мүгедегі Данияр Қойбағаровты мәжбүрлі түрде психиатриялық сараптама орталығына апармақ болғаны туралы жазған едік. Кейін белгілі болғандай, бұл беймәлім адамдар өздерін «Қарағанды облысынан келген тергеуші» ретінде таныстырса да, заңдық негізі бар ешқандай құжат көрсетпеген.


Алайда, заңсыз әрекетке барып, мүгедек адамды еркінен тыс күштеп ұстаған құқық қорғау қызметкерлері іске куәгерлер мен заңгерлер араласып, полиция шақырғаннан кейін ғана қызметтік куәлігін көрсетумен шектелді. Дегенмен, адвокат Алма Мусина олардың әрекеттерінің заңдылығын сұрап, осы күш қолдану шаралары қандай құжатқа негізделгенін нақтылауды талап етіп еді, тағы да жауап беруден бас тартты.


Ал заңгер-кеңесші Мария Басараб оның сенімді өкілі Д.Қойбағаровты күштеп ұстап, оған психиатриялық сараптама жасауға талпынғандарды мына жағдаймен байланыстырады.
Оның пікірінше, Қойбағаров жуырда «АККОН» ЖШС-не қарсы істе жеңіп, сот шешімі бойынша компания азаматқа қомақты өтемақы төлеуі тиіс болған. Енді сот үкімін орындаудан жалтарып, басқа айла тапқысы келген компания өкілдері Қойбағаровты «ақыл-есі дұрыс емес адам» деп тануға тырысқаны осы оқиғадан айқын көрініп тұр.


Бұл оқиғаға түсініктеме берген Қарағанды облысы полиция департаменті тергеу басқармасының полиция майоры Абай Қабыкен Алматыда департамент басшысының бұйрығымен жүргенін, тергеу деректерін жария етуге болмайтынын жеткізді.
Осы шулы оқиға туралы Данияр Қойбағаровтың адвокаты Нұрбол Құрманбайдың айтуынша, Қарағанды облысы полиция департаменті қызметкерлері Алматы қаласына келіп, Қойбағаровты еркінен тыс күштеп, сараптама тағайындауға алып келген. «Бұл жерде атап өтерлік жайт – Қойбағаровқа қатысты мәжбүрлі сараптама өткізуге тыйым салу туралы сот шешімі бар. Осыған орай полция қызметкерлерінің әрекеті заңсыз болып саналады. Ал 10 қыркүйек күнгі жағдай бойынша айтсам, сол кезде оқиға орнына полиция қызметкерлерін Қойбағаров пен оның өкілдері шақырған. Алайда, келген полиция қызметкерлері Қойбағаровты алып кетіп, қысым көрсетіп, Медеу аудандық полиция бөлімінде 12 сағат ұстап, адвокатының қатысуынсыз жауап беруге мәжбүрлеген. Бұл дерек бойынша ІІМ-не арыздандық», – дейді адвокат.


Қорғаушы Нұрбол Құрманбай полиция қызметкерлері істің мән-жайын объективті түрде анықтаудың орнына өз әріптестерін қорғаумен айналысып кеткенін тілге тиек етті. «Себебі, бүгінге дейін Қойбағаровтың жазған арызы қаралмаған. Оған келтірілген дене жарақаттарын анықтау үшін сараптама да тағайындалған жоқ. Сөйте тұра Қойбағаровтың өкілдеріне қысым көрсету тоқтамады. Тіпті, полиция қызметкерлері тарапынан Қойбағаровты өз адвокаттарынан шеттетіп жатыр», – деп шағымданды Данияр Қойбағаровтың адвокаты.
Біз мән-жайды анықтау үшін Қарағанды облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметіне хабарластық.


«Тергеліп жатқан қылмыстық іс аясында Алматы қаласына процессуалдық әрекеттерді жүзеге асыру мақсатында Қарағанды облысы Полиция департаментінің жедел-тергеу тобы іссапарға жіберілді. 10 қыркүйек күні қылмыс жасады деген күдікпен ұсталған азамат қылмыстық қудалау органының қаулысына сәйкес, Алматы қаласындағы Сот сараптамалары институтына жеткізілді. Сараптамалық шаралардан соң күдікті келу міндеттемесімен босатылды. Тергеу жұмыстары жалғасуда.


Алайда, мекеме ғимаратының алдында полиция қызметкерлерінің заңды әрекеттеріне үш азамат тарапынан кедергі келтіруге әрекет жасалған. Аталған дерек бойынша «Полиция қызметіне кедергі келтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілуде», – деді Қарағанды облысы Полиция департаменті берген жауабында.
Ал арнайы сот қаулысы берілмесе де, Қойбағаровты Медеу аудандық полиция бөліміне күштеп әкеп, 12 сағат ұстау қаншалықты заңды? Осы іске қатысты Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметінен қандай да бір пікір алуға тырысып едік, бірақ жауап ала алмадық.

«Сервис-АСТ» ісі: Сарапшылар өз қорытындысын ұсынды

Астанадағы Назарбаев әуежайы төрт жылдан бері тұрақты жалға алу...

Экспертиза поневоле: за попытку насильно отправить инвалида на освидетельствование никого не наказали

История инвалида второй группы Данияра Койбагарова из Алматы приобретает...

Yandex Qazaqstan ең қолжетімді колонкасы – Сағатсыз Станция Лайт 2 сатылымға шыққанын жариялады

Қазақстанда Алиса жасанды интеллект-ассистентімен жабдықталған ең қолжетімді колонка –...

Yandex Qazaqstan представил первую портативную умную колонку с Алисой 

В Казахстане стартовали продажи Станции Стрит — первой портативной...