Декларация тапсырмаған қазақстандықтардың есепшоттары бұғатталады

16 қыркүйекте Қазақстан жалпыға бірдей декларациялаудың үшінші кезеңі аясында декларацияларды қабылдауды аяқтады. Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті есепті уақытылы тапсыра алмағандарды не күтіп тұрғанын айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

2024 жылғы 1 қаңтарда жалпыға бірдей декларациялаудың үшінші кезеңі шеңберінде заңды тұлғалардың басшылары, құрылтайшылары (қатысушылары) және жеке кәсіпкерлер, сондай-ақ олардың жұбайлары болып табылатын екі миллионнан аса жеке тұлғалар активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны (250.00-нысан) ұсынғаны хабарланды. Декларацияны тапсыру мерзімі 16 қыркүйекте аяқталды.

Декларацияны ұсынбаған салық төлеушілерге салық заңнамасында белгіленген мерзімде салық есептілігін ұсынбау туралы хабарламалар жіберілді. Мұндай салық төлеушілер хабарламаны алған сәттен бастап 30 жұмыс күні ішінде декларация немесе түсініктеме беру арқылы заңбұзушылықты жоюы тиіс.

«Декларацияны ұсынбаған салық төлеушілерге банктік шоттар бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру жөніндегі шаралар қолданылады (Салық кодексінің 118-бабы 1-тармақшасы)», — деп хабарлады МКК.

ОСК сайлау мен референдум болмаған кезде немен айналысады?

Қазақстанда жалпыреспубликалық сайлау мен референдум өтпейтін кезде Орталық сайлау комиссиясы (ОСК) немен айналысады?

Оқушылар көктемгі каникулда қанша күн демалады?

Қазақстандық оқушылар 11 күн бойы көктемгі демалыста болады. Оғу-ағарту министрлігі мәліметінше, демалыс 19 наурызда басталып, 29 наурызға дейін созылады.

Қазақстанда тұрғын үй саудасы төмендеді 

2026 жылғы ақпан айында Қазақстанда тұрғын үйді сатып алу-сату бойынша 27 421 мәміле тіркелді.

1 сәуірден бастап тағы бір өзгеріс енгізіледі

2026 жылғы 1 сәуірден бастап балаларға арналған демалыс және сауықтыру лагерьлері міндетті түрде лицензия алуы тиіс.

Автоматты камералар жаяу жүргіншілерді жазаламайды — ІІМ түсініктеме берді

Кейбір бұқаралық ақпарат құралдарында автоматты камералар жаяу жүргіншілерді жауапкершілікке тартатыны туралы ақпарат тараған еді. ҚР ІІМ ӘПК өкілдері бұл ақпараттың шындыққа сәйкес еместігін мәлімдеді.