12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Дауларды бейбіт жолмен шешу жолдары

Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі былтыр 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді. Президент жарлығы негізінде жаңа әкімшілік соттар өз жұмысын бастап кетті. Жаңа сотта әкімшілік органның іс-әрекеті немесе әрекетсіздігіне жеке және заңды тұлғалар шағым келтіреді, яғни олар қабылдаған шешімге заңдық тұрғыдан баға беріледі.
Заңға енгізілген жаңашылдықтың бірі жария-құқықтық дауларды татуластыру рәсімдерін қолдана отырып шешу мүмкіндігімен байланысты. Даулы мәселені ой елегінен өткізіп, материалдық және моральдық шығынсыз, ортақ келісімге келу арқылы шешу, әрине, көңілге қонымды іс. Ал дауларды сотқа жеткізбей немесе сотта реттеу тараптардың мәселені қысқа мерзімде шешуіне мүмкіндік туғызады. Бұған дейін жария-құқықтық қатынастардан туындаған даулар бойынша татуластыру рәсімдерін қолдану мүмкіндігі заңда қарастырылмаған еді. Себебі, аталмыш даулар бұрын Азаматтық процестік кодекстің 29-тарауы негізінде, яғни ерекше өндіріспен қаралатын. Демек, бұл өндіріс аясында қаралатын даулар сотта ортақ бітімге келу жолымен шешілуге жатпайтын.
Ал, жаңа Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекстің артықшылығы әкімшілік істер бойынша татуластыру рәсімдерін қолдануда болып отыр. Жаңа кодекстің 120-бабында татуластыру рәсімінің ережелері бекітілген. Яғни, жария-құқықтық даулар бойынша тараптар әкімшілік процестің барлық сатысында сот шешім шығаруға кеткенге дейін татуласу, медиация немесе дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісім жасасу арқылы әкімшілік істі толығымен немесе ішінара аяқтай алады. Алайда, заңда жауапкердің әкімшілік қалауы болған кезде ғана тараптардың татуласуына жол беріледі делінген.
Әкімшілік қалау деген жаңа ұғым әкімшілік органның, лауазымды адамның заң аясында ықтимал шешімдердің бірін қабылдауы дегенді білдіреді. Заң шеңберінде сот тараптардың татуласу, медиация немесе дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу жөніндегі келісімді бекіту туралы өтінішхатын сот отырысында немесе алдын ала тыңдауда қарайды. Нәтижесінде келісімді бекіту немесе келісім шарттары заңға қайшы келетін болса, басқа да адамдардың құқығын, бос­тандығы мен заңды мүддесін бұзса, одан бас тарту туралы ұйғарым шығарады.
Жауапкер тарапынан көбіне бекітілген келісімнің шарттарын орындамауы жиі орын алады. Мұндай жағдайда, заң талаптарына сай, сот қарсы тараптың өтінішхаты бойынша атқару парағын береді және оның негізінде келісімде көрсетілген талаптар мәжбүрлеп орындатуға жатады. Дау бойынша ортақ бітімге қол жеткізілмеген жағдайда әкімшілік іс жалпы тәртіппен сотта қаралып, тиісті шешім қабылданады.
Жаңа кодекстің 121-бабы сотта медиа­ция жүргізудің тәртібін қарастырады. Яғни, бірінші сатыдағы сотта медиация жүргізу үшін әкімшілік іс медиация туралы келісімді бекітетін басқа судьяға беріледі, болмаса өтінішхатпен әкімшілік істі осы іс жүргізген судья алуы мүмкін. Ал, егер бөгде адамның сотқа қатысуы арқылы дауды реттеуге мүмкіндік туатын болса, сот ол адамды медиацияға шақырады.
Жаңа заң қабылданғаннан кейін, «Медиация туралы» заңға да өзгерістер енгізілді. Онда жеке және заңды тұлғалар мен мемлекеттік орган арасындағы дауға медиация рәсімі ел заңдарында көзделген жағдайда қолданылады делінген. Осы орайда, біркелкі сот практикасы қалыптасу үшін, сондай-ақ, әкімшілік даулардың ерекшелігін ескере отырып, заңдарға бірқатар өзгерістер енгізген жөн деп санаймын.

Сәуле Қабидолдина,
Нұр-Сұлтан қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік
сотының судьясы

Сот жүйесіндегі жаңа технологиялар

Сот жүйесін жаңартуға бағытталған жаңашылдықтар жүйелі жүзеге асып, соттар заманауитехнологиялармен жұмыс жасауды кеңінен қолға алды. Соңғы жылдары сот жүйесі заманауи ақпараттық технологиялар арқылы электронды...

Неке-отбасылық қатынастарынан туындайтын даулар артуда

Расында, өкінішке орай қазіргі таңда неке-отбасылық қатынастарынан туындайтын даулар...

Құқықтық ликбез — соттан тыс банкроттық

2023 жылғы 3 наурыздан бастап «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем...

Ата Заң – тәуелсіздік тірегі

Тәуелсіздігіміздің тірегіне, азаттығымыздың алтын тамырына айналған Ата заңның қолданысқа...

Соблюдение этических норм – основа независимости судьи

Принятие Кодекса этики судей имеет большое значение для судебной...