«Дау тудыратын бірде-бір мәселені көріп тұрған жоқпын» — Путин Қазақстанмен қарым-қатынас туралы

Ресей президенті Владимир Путин Қазақстан мен Ресейдің болашағы туралы айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Қазақстан мен Ресей арасындағы өзара қарым-қатынастың болашағы қандай?» – деп сұрақ қойды «ҚазАқпарат» агенттігінің басшысы Асқар Жалдинов.

«Өте жақсы, басқаша айта да алмаймыз. Біз өте жақын, одақтас, стратегиялық қарым-қатынастамыз. Бұл сауда-экономикалық байланыстарға да қатысты, олар сенімді түрде өсіп келеді. Жыл сайынғы айналым деңгейі де осыны көрсетіп тұр. Біздің өзара әрекеттесуіміздің көптеген бағыты бар. Мен тіпті бәрін тізбектеп айтып та бітпеймін. Бұған энергетика, өнеркәсіптік ынтымақтастық және ғарыш саласы да кіреді. Біздің ортақ шекарамыз үлкен. Адамдар да бір-бірімен араласады», — деді Путин Санкт-Петербургте әлемнің жетекші ақпарат агенттіктері басшыларымен кездесу барысында сұрақтарға жауап беріп.

Ресей президенті Ресейдің 76 субъектісі Қазақстанның тиісті аумақтарымен тікелей қарым-қатынаста екенін түсіндірді. Оның айтуынша, олардың жұмысы тиімдірек, өйткені адамдар бір-біріне сенеді.

«Шынымды айтсам, дау тудыратын және біздің қарым-қатынасымызды қандай да бір жолмен қиындататын бірде-бір мәселені көріп тұрған жоқпын», — деп түсіндірді Ресей президенті.

Жаңа заң: Енді бала бағып отырған әкелердің еңбек өтілі ескеріледі 

Сенаторлар «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қауіпсіз еңбек жағдайларын жетілдіру, жұмыскерлердің еңбек құқықтарын қорғау және әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңды мақұлдады.

Еліміздің әр өңірінде наурыз көже қалай дайындалады?

Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамында арнайы наурыз көже дайындалады. Наурыз көже молшылықтың, берекенің, ырыстың белгісіне баланады. Оған жеті түрлі дәм қосылады. Әдетте бидай, тары, сүр ет, бұршақ, сүт, су, тұз қосылады.

19 наурызға арналған ауа райы болжамы 

Синоптиктер 2026 жылғы 19 наурыз, бейсенбіге арналған ауа райы...

Биыл 30 тамызда қазақстандықтар демала ма? – Еңбек министрлігі жауап берді 

2027 жылдан бастап қазақстандықтар 15 наурызда демалатын болады. 30 тамыз биылдан бастап жұмыс күніне айналады.

Елімізде мектеп оқулықтарына өзгеріс енгізіледі  

Премьер-министр Олжас Бектенов жаңа Конституция аясында мектеп оқулықтарына өзгеріс енгізуді тапсырды.