COVID-19 пандемиясы соңына қарай жақындағаны болжанды

Гамалея атындағы эпидемиология және микробиология ғылыми орталығының бас ғылыми қызметкері, вирусолог, м. ғ. д., профессор Анатолий Альтштейн әлем пандемиядан өтпегенін, бірақ оның соңына қарай жақындаған болуы мүмкін екенін мәлімдеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lenta-ға сілтеме жасап.

Альтштейннің айтуынша, COVID-19 толқыны бұдан былай болмайды және ауру жұқтыру жағдайларының саны азаяды.

«Біз қазір халықтың иммундық жағдайына сене аламыз, бұл аурудың төмендеуіне және толқындардың тоқтауына ықпал етеді», — деді Альтштейн.

Пандемияны тоқтату туралы шешімді Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) қабылдайды, деді ол. Алайда, оның айтуынша, пандемия аяқталғаннан кейін де ауыр және өлім жағдайлары жойылмайды, бірақ азаяды.

«Олар бізге пандемия аяқталды деп хабарлайды, содан кейін ол аяқталды. Адамдар әлі де ұзақ уақыт бойы ауырып, қайтыс болады, бірақ қарқыны бәсеңсиді», — деп қорытындылады вирусолог.

Бұған дейін аса қауіпті инфекциялар жөніндегі маман Владислав Жемчугов планетарлық масштабтағы коронавирус пандемиясы 2022 жылы аяқталуы мүмкін деп болжаған болатын.

Қазақ-қытай инвестициялық форумын жыл сайын өткізу ұсынылды 

Мемлекет басшысы Қазақ-қытай инвестициялық форумы екі елдің іскер топтары арасындағы тікелей байланыстарды күшейтетін тұрақты алаңға айналуға тиіс екенін айтты. 

Қазақстан Халық Кеңесі мүшелері қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына материалдық көмек көрсетеді 

Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері Каспий теңізінің жағалауында қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына 815 млн теңге көлемінде материалдық көмек көрсетеді.

Маңғыстау облысында қаза тапқан әскери қызметшілердің есімдері жарияланды 

Қорғаныс министрлігі бүгін Маңғыстау облысында әскери оқу-жаттығу кезінде қызметтік міндетін атқару барысында қаза тапқан әскери қызметшілердің толық тізімін жариялады.

25 қыркүйек Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды 

25 қыркүйек Қазақстан Республикасында Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.