«Челси» әлде жалға беру: «Бернлиден» кейін Дастан Сәтпаев қайда барады? 

Қазақстан құрамасының шабуылшысы Дастан Сәтпаев карьерасын Чемпионшипте өнер көрсететін «Бернли» сапында маусым соңына дейін жалға алу негізінде жалғастырады. Ланкашир графтығы командасындағы қазақстандық футболшының перспективалары туралы BAQ.KZ тілшісі әлемдік спорт индустриясының жетекші мамандарының бірі, профессор Саймон Чедвикпен сұхбаттасты.

Оның айтуынша, Сәтпаевтың жалға ауысуы сөзсіз еді. Себебі бұл – «Челси» жиі қолданатын ойыншыларды дамыту моделі. «Бернлидегі» маусым оның одан арғы карьерасында шешуші рөл атқаруы мүмкін.

«Сәтпаев үшін басты сұрақ: «Бернлиде» өткізген уақыты «Челсидің» негізгі командасына баспалдақ бола ма, әлде лондондық клубтың Франциядағы туыстас ұйымына («Страсбур») ауысудың алғышарты ма, әлде Премьер-лига клубы оны сатып алған бағасынан қымбатқа сатып, пайда табу үшін құнын көтеретін кезекті жалға ала ма?» – дейді Чедвик.

Сарапшы «Бернли» клубы Сәтпаевтың әрі қарай дамуына лайықты орта бола алатынын атап өтті.

«Бернли» – мықты құндылықтары бар, сонымен қатар ақылмен және парасатпен басқарылатын дәстүрлі клуб. Бұл Сәтпаев үшін тәжірибе жинақтап, шеберлігін шыңдайтын жақсы орын болуға тиіс», – деп есептейді сарапшы.

Құрам үшін бәсеке

Чемпионшип – әлемдегі ең динамикалы әрі бәсекеге қабілетті лигалардың бірі. Бұл турнир жанкүйерлер арасында өте танымал.

«Көптеген команда жоғары дивизионға шығу үшін таласады; мұндағы футбол деңгейі жоғары, ал стадиондар көбінесе лық толы болады. Чемпионшипте өнер көрсету – Премьер-лигада ойнауға жақсы дайындық. Алайда бұл ретте футболшылар жұртшылықтың назарында әлдеқайда аз болады», – деп атап өтті профессор.

Сарапшы Сәтпаев «Челсидегі» маусымалды дайындық кезінде жақсы қырынан көрінгенін айтады. Дегенмен, Чедвиктің пікірінше, оған ағылшын футболына үйрену үшін уақыт пен кеңістік қажет.

«Дәл сол себепті Премьер-лига деңгейіне өтудің әлеуетті қадамын жасамас бұрын, ол өсіп, дами алатын «Бернлиге» ауысу жүзеге асты», – дейді Чедвик.

Сәтпаевтың жаңа командадағы болашағы туралы айта отырып, Чедвик негізгі құрамға талас болатын бәсекелестікке жеке тоқталды.

«Соңғы жылдары «Бернли» жоғары трансферлік құны бар тәжірибелі ойыншылар мен жас, перспективалы футболшылар арасындағы тепе-теңдікті сақтауға ұмтылып келеді. Егер Сәтпаев кәсіби түрде әрекет етіп, жақсы ойын көрсетсе, «Бернлидің» негізгі құрамының тұрақты ойыншысына айналуы әбден ықтимал. Алайда клубта қазірдің өзінде мықты футболшылар, соның ішінде ұлттық құрамалардың тәжірибелі ойыншылары бар. Сондықтан табысқа жету үшін Сәтпаев үнемі жинақы болып, қажырлы түрде еңбектенуі тиіс», — дейді ол.

Еске салайық, 28 шілдеде Сәтпаев «Челси» сапындағы алғашқы голын соққан еді.

Футболшы аустралиялық «Вестерн Сидней Уондерерс» клубына қарсы жолдастық матчында көзге түсті.

Бұған дейін Сәтпаев «Челсимен» бірге алғашқы трофейін жеңіп алған болатын. Ол лондондық клубпен бірге маусымалды Индонезия Суперкубогының жеңімпазы атанды.

2026 жылдың жазында Сәтпаев ағылшын клубына қосылып, негізгі командамен жаттығуды бастады.

Сәтпаев – Қазақстан құрамасы тарихындағы ресми матчтарда гол соққан ең жас ойыншы. Сондай-ақ ол Чемпиондар лигасында гол соққан ең жас футболшылардың қатарына кіреді.

Цифровой контроль ради безопасности 

ДВЕ ТРАГЕДИИ – ГИБЕЛЬ 20-ЛЕТНЕЙ ДИЛЬНАЗ ЖУМАГУЛОВОЙ В ОБЛАСТИ АБАЙ И УБИЙСТВО ЖАЗИРЫ АДАУВОВОЙ В АСТАНЕ ВНОВЬ ПОСТАВИЛИ ВОПРОС О ТОМ, МОЖНО ЛИ ВЫЯВЛЯТЬ УГРОЗУ ДОМАШНЕГО НАСИЛИЯ ДО ТОГО, КАК СТАНОВИТСЯ ПОЗДНО. ДЕПУТАТЫ КУРУЛТАЯ ПРЕДЛАГАЮТ ЗАПУСТИТЬ ПИЛОТНЫЙ ПРОЕКТ «ЭЛЕКТРОННАЯ ЗОНА ЗАЩИТЫ», ОБЯЗАТЬ ПОЛИЦИЮ ДЕЙСТВОВАТЬ ПО ЕДИНОМУ АЛГОРИТМУ И В ЦИФРОВОМ ФОРМАТЕ ФИКСИРОВАТЬ КАЖДЫЙ СИГНАЛ ОБ ОПАСНОСТИ И РЕАКЦИЮ НА НЕГО.

Республика күні Алматыда қайда баруға болады? Мерекелік іс-шаралар тізімі

25 қазанда Алматыда Республика күніне орай концерттер, көрмелер, спорттық жарыстар мен танымдық іс-шаралар өтеді. Мерекелік бағдарламаға Мемлекеттік ту көтеру рәсімі, ашық аспан астындағы концерт және халықаралық қуыршақ театрлары фестивалі кіреді.

1 қаңтарынан бастап еліміздегі барлық балабақша міндетті лицензиялаудан өтеді 

Жаңа талап аясында санитариялық жағдай, өрт қауіпсіздігі, бейнебақылау жүйесі мен білім беру сапасы тексеріледі.

Еңбек ардагерлері, жұмысшы кәсіп, ғылым мен денсаулық сақтау өкілдері – Президент мемлекеттік наградаларды беру туралы Жарлыққа қол қойды 

Ұлттық мерекеміз – Республика күні қарсаңында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени-рухани дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі және белсенді қоғамдық қызметі үшін бір топ азамат мемлекеттік наградалармен марапатталды.

Республика күніне орай Алматыда қандай шаралар өтеді? 

25 қазанда Қазақстанда елдің мемлекеттілігі мен егемендігін білдіретін ұлттық мереке – Республика күні аталып өтеді. Осы мерекеге орай Алматыда қала тұрғындары мен қонақтарына арналған мәдени-көпшілік, спорттық және танымдық іс-шаралар ұйымдастырылады.