Былтыр қазақстандықтардың 3,5 триллион теңге қарызы есептен шығарылды

2023 жылы қазақстандықтардың 3,5 триллион теңге қарызы есептен шығарылды. Бұл туралы ҚР Жоғарғы есеп палатасы мәлімдеді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жоғары аудиторлық палатаның отырысында 2023 жылғы салықтық және кедендік әкімшілендіруге жүргізілген мемлекеттік аудит қорытындысы қаралды.

«Оңалту және банкроттық рәсімдерінің тиімділігі төмен және әлеуметтік талаптарды өтеуге және банкроттық пен оңалтуды басқарушылардың шығындарын өтеумен ғана шектеліп жатыр. 2023 жылы таратылған банкроттарға 3,5 триллион теңгеден астам сомаға төленбеген қарыздар есептен шығарылды, ал 2022 жылы бұл көрсеткіш 1 триллион теңге болды. Үлестес тұлғаларды банкроттық басқарушылар етіп тағайындау фактілері анықталды, бұл кредиторлардың мүдделеріне нұқсан келтіріп, түрлі теріс пайдалануларға жағдай жасайды», — делінген хабарламада.

Кеден және салық органдарының бірігуіне қарамастан, кедендік әкімшілендіру шеңберінде дерекқорлардан тиісті өзара іс-қимыл және мәліметтермен алмасу жолға қойылмаған, бұл кедендік төлемдер мен салықтарды төлеуде бюджет шығыны тәуекелін тудырады.

Отырыс аясында Әлихан Смайылов МКК басшылығының оңалту және банкроттық рәсімдерін жетілдірудің маңыздылығына, бұл тетіктің салық төлеуден жалтаруға мүмкіндік беретін олқылыққа айналмауына назарын аударды.

Жаңа заң: Енді бала бағып отырған әкелердің еңбек өтілі ескеріледі 

Сенаторлар «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қауіпсіз еңбек жағдайларын жетілдіру, жұмыскерлердің еңбек құқықтарын қорғау және әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңды мақұлдады.

Еліміздің әр өңірінде наурыз көже қалай дайындалады?

Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамында арнайы наурыз көже дайындалады. Наурыз көже молшылықтың, берекенің, ырыстың белгісіне баланады. Оған жеті түрлі дәм қосылады. Әдетте бидай, тары, сүр ет, бұршақ, сүт, су, тұз қосылады.

19 наурызға арналған ауа райы болжамы 

Синоптиктер 2026 жылғы 19 наурыз, бейсенбіге арналған ауа райы...

Биыл 30 тамызда қазақстандықтар демала ма? – Еңбек министрлігі жауап берді 

2027 жылдан бастап қазақстандықтар 15 наурызда демалатын болады. 30 тамыз биылдан бастап жұмыс күніне айналады.

Елімізде мектеп оқулықтарына өзгеріс енгізіледі  

Премьер-министр Олжас Бектенов жаңа Конституция аясында мектеп оқулықтарына өзгеріс енгізуді тапсырды.