12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Бүгін ауа райы қандай болады?

Синоптиктердің болжамынша, бүгін, 8 қарашада еліміздің барлық дерлік өңірінде ауа райы бұзылады. Кей облыста тұман түсіп, көктайғақ, бұрқасын болады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жетісу облысының шығысында, таулы аудандарында тұман, көктайғақ. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында, орталығында, таулы аудандарында екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді.

Ұлытау облысында көктайғақ, бұрқасын. Түнде және таңертең облыстың шығысында, оңтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/c болады.

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында көктайғақ, бұрқасын. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні кей уақыттарда 23 м/с, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.

Атырау облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман түсіп, көктайғақ болады.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында көктайғақ. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын. Жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді.

Қостанай облысының оңтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын, батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында, оңтүстігінде екпіні — 15-20 м/с.

Астанада түнде жаяу бұрқасын. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді.

Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында көктайғақ, тұман. Батыстан соққан жел оңтүстікке ауысады, түнде облыстың орталығында, оңтүстігінде күші секундына 15-20 метрге жетеді.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде бұрқасын, көктайғақ. Жел оңтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Абай облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында бұрқасын, көктайғақ. Жел оңтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.

Ақтөбе облысында жолдардағы көктайғақ.

Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман, көктайғақ. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Алматыда түнде тұман түседі.

Ақмола облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында бұрқасын. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, түнде екпіні секуындана 23-28 метрге дейін жетеді.

Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында тұман, көктайғақ. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде екпіні — 15-20 м/с.

Түркістан облысының таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар) мол түседі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман, көктайғақ. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында күші 15-20, таңертең және күндіз облыстың таулы аудандарында екпіні секундына 23-28 метрге жетеді.

Шымкентте түнде тұман түседі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман, көктайғақ. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20, екпіні 23-28 м/с болады.

Украина төңірегіндегі жағдай ушықты: Тоқаев тапсырма берді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Украина төңірегіндегі жағдай ушығуына байланысты тапсырма берді.

ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АЛАЯҚТАРДЫҢ АЗЫҒЫ БОЛМАУЫ ТИІС

Қазақ халқының дәстүрінде қайырымдылық пен жомарттық ерекше орын алады. Жетімін жылатпай, жесірін қаңғытпай, мұқтажға қол ұшын созу – ұлтымыздың асыл қасиеттерінің бірі. Алайда соңғы уақытта қайырымдылық саласында орын алған кейбір келеңсіз оқиғалар осы түсініктерге қаяу түсірді.

Что угрожает единству общества? 

Депутат Мажилиса Парламента подозревает некие скрытые силы в проведении целенаправленной кампании по дестабилизации политической ситуации в стране с использованием социальных сетей и других онлайн-платформ.

Елімізде қаңтардағы демалыс күні ауыстырылды

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2025 жылдың қаңтарындағы демалыс күнін ауыстыруды көздейтін бұйрық дайындады.

Депутат мектеп бағдарламасына жаңа пән енгізуді ұсынды

Мәжіліс депутаты Аманжол Әлтай мектеп бағдарламасына балалар Қазақстанның материалдық емес мәдени мұрасын зерттейтін жаңа пән енгізуді ұсынды.