Бүгін ауа райы қандай болады?

Синоптиктер 28 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мамандар бүгін Астанада түнде және таңертең тұман түсетінін мәлімдеді.

Ал Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі. Шығыстан 15-20 м/с жел соғады.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман болады.

Солтүстік Қазақстан облысында тұман, көктайғақ болады.

Қостанай облысының батысында, солтүстігінде көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, батысында тұман.

Қызылорда облысының басым бөлігінде жаңбыр жауады. Күндіз облыстың оңтүстігінде дауыл cоғады. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде күші 15-20 м/с болады.

Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, шығысында екпіні 15-20 м/с-ке дейін жетеді.

Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі.

Түркістан облысының батысында, солтүстігінде найзағай ойнайды. Түнде және таңертең облыстың таулы аудандарында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында күші — 15-20 м/с.

Ұлытау облысының солтүстігінде, орталығында кей уақыттарда нөсер жаңбыр жауады. Түнде және таңертең облыстың шығысында, орталығында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі.

Маңғыстау облысының батысында, орталығында тұман болады.

Павлодар облысының солтүстігінде тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с болады.

ОСК сайлау мен референдум болмаған кезде немен айналысады?

Қазақстанда жалпыреспубликалық сайлау мен референдум өтпейтін кезде Орталық сайлау комиссиясы (ОСК) немен айналысады?

Оқушылар көктемгі каникулда қанша күн демалады?

Қазақстандық оқушылар 11 күн бойы көктемгі демалыста болады. Оғу-ағарту министрлігі мәліметінше, демалыс 19 наурызда басталып, 29 наурызға дейін созылады.

Қазақстанда тұрғын үй саудасы төмендеді 

2026 жылғы ақпан айында Қазақстанда тұрғын үйді сатып алу-сату бойынша 27 421 мәміле тіркелді.

1 сәуірден бастап тағы бір өзгеріс енгізіледі

2026 жылғы 1 сәуірден бастап балаларға арналған демалыс және сауықтыру лагерьлері міндетті түрде лицензия алуы тиіс.

Автоматты камералар жаяу жүргіншілерді жазаламайды — ІІМ түсініктеме берді

Кейбір бұқаралық ақпарат құралдарында автоматты камералар жаяу жүргіншілерді жауапкершілікке тартатыны туралы ақпарат тараған еді. ҚР ІІМ ӘПК өкілдері бұл ақпараттың шындыққа сәйкес еместігін мәлімдеді.