Бүгін ауа райы қандай болады?

«Қазгидромет» синоптиктері дүйсенбі, 21 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Синоптиктер қолайсыз ауа райына байланысты бірнеше аймақта ескерту жасады.

Мамандардың болжамы бойынша Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі.

Қызылорда облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында найзағай ойнайды. Жел батыстан, оңтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында күші 15-20 м/с болады.

Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында күші — 15-20 м/с.

Шымкентте күннің екінші жартысында найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.

Атырау облысының шығысында кей уақытта нөсер жаңбыр жауады. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі.

Ұлытау облысында оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні — 15-20 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, батысында тұман түседі.

Ақтөбе облысының батысында, орталығында нөсер жаңбыр жауады.

Жамбыл облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай ойнайды.

Түнде және таңертең облыстың батысында, шығысында, таулы аудандарында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20, күндіз екпіні 23 м/с болады.

ОСК сайлау мен референдум болмаған кезде немен айналысады?

Қазақстанда жалпыреспубликалық сайлау мен референдум өтпейтін кезде Орталық сайлау комиссиясы (ОСК) немен айналысады?

Оқушылар көктемгі каникулда қанша күн демалады?

Қазақстандық оқушылар 11 күн бойы көктемгі демалыста болады. Оғу-ағарту министрлігі мәліметінше, демалыс 19 наурызда басталып, 29 наурызға дейін созылады.

Қазақстанда тұрғын үй саудасы төмендеді 

2026 жылғы ақпан айында Қазақстанда тұрғын үйді сатып алу-сату бойынша 27 421 мәміле тіркелді.

1 сәуірден бастап тағы бір өзгеріс енгізіледі

2026 жылғы 1 сәуірден бастап балаларға арналған демалыс және сауықтыру лагерьлері міндетті түрде лицензия алуы тиіс.

Автоматты камералар жаяу жүргіншілерді жазаламайды — ІІМ түсініктеме берді

Кейбір бұқаралық ақпарат құралдарында автоматты камералар жаяу жүргіншілерді жауапкершілікке тартатыны туралы ақпарат тараған еді. ҚР ІІМ ӘПК өкілдері бұл ақпараттың шындыққа сәйкес еместігін мәлімдеді.