Бүгін ауа райы қандай болады?

Қазгидромет 19 тамызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Солтүстік-батыс циклонының ықпалымен Қазақстанның басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады, найзағай, бұршақ және дауыл соғып, жаңбыр жауады, елдің солтүстік-батысында, шығысында, оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады», — делінген хабарламада.

Республика бойынша желдің күшеюі, солтүстікте, солтүстік-батыста – түнде және таңертең тұман болады деп болжанады.

Атырау облысында, Абай облысында, Ұлытау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында, Батыс Қазақстан облысының орталығында, Маңғыстау облысының батысында, оңтүстік-шығысында, Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында өрт қаупі әлі де жоғары.

Қызылорда, Түркістан, Жамбыл облыстарында, Алматы облысының батысында, солтүстігінде, Жетісу облысының оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, солтүстік-батысында, Маңғыстау қаласының орталығында, Атыраудың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, оңтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының орталығында, шығысында, Қарағанды облысының оңтүстігінде, оңтүстігінде Ұлытау облысында, Абай облысының батысында, солтүстік-батысында және оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

“Енді 15 наурызды Конституция күні ретінде қарсы аламыз“ — Президент

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық референдум барысында жүргізілген экзит-полл қорытындысымен танысты.

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституциямыз құтты болсын!

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық референдум барысында жүргізілген экзит-полл қорытындысымен танысты

Еуразиялық интеграция институты жүргізген сауалнама бойынша Exit poll нәтижесі

Қазақстандықтардың 86,7%-ы «Иә, қабылдаймын» деп жауап берген.

Нұрсұлтан Назарбаев референдумда дауыс берді

Нұрсұлтан Назарбаев "Астана Опера" театры аумағында орналасқан дауыс беру учаскесінде таңдау жасады.

Референдум: Ел бойынша 4,6 млн-нан астам адам өз таңдауын жасады 

Абай облысында келу деңгейі 41,93%-ды құрады. Ақмола облысында бұл көрсеткіш 44,66%, Ақтөбе облысында – 45,73%. Алматы облысында – 40,41%, Атырау облысында – 42,29%. Батыс Қазақстан облысында – 36,59%, Жамбыл облысында – 35,86%.