12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Бозжыраға қонақ үйлер салына ма?

Қазақстан Республикасының Мəдениет жəне спорт вице-министрі Өркен Бисақаев жұмыс сапарымен Маңғыстау облысына келді.
Вице-министр жұмыс барысында өңірдегі туризм және экология саласының өкілдерімен қоғам белсенділерімен кездесті.
Өркен Бисақаев биыл шілде айынан бастап Маңғыстауға келіп демалушылардың саны артқанын атап өтті. Бұл өз кезегінде облыс туризмін дамытуға ден қою керегін аңғартатынын айтты.
«Бүгінде туристер арасында Rixos Water world қонақүйі бағытынан бөлек Бозжыра шатқалы да танымал. Біздің статистикамыз бойынша қазір бұл жерге келушілер саны өткен жылмен салыстырғанда 10 есе артқан. Жобамен бұл жерге 2 мыңнан астам адам келген. Ал келесі жылы бұл көрсеткіш артып, кемі 10 мыңнан астам турист келіп, демалады деген болжам бар»,-деді вице-министр.
Айта кетейік, бұған дейін әлеуметтік желілерде Бозжыра шатқалында қонақ үй кешені жобасы жүзеге асырылады деген хабар тараған болатын.
Бұл жайға қатысты экологтар қарсылық білдіріп, құрылыс жұмыстары кезінде бұл жерге зиян екенін айтты.
Өркен Бисақаев аталған жайтқа қатысты түсініктеме беріп, алдымен экономика тұрғысынан қажеттілік пен экология арасындағы теңдікті сақтау маңызды екенін жеткізді.
«Шатқалды жан –жақты қарап шыққан мамандар бұл жерге адамдар мен көліктердің еш қиындықсыз келіп-кете алатынын айтып отыр. Яғни, жер рельефі ешқандай арнайы дайындықты керек етпейді.
«Біздің ойымызша, еш бір ретсіз өз еркімен ағылып келетін саяхатшылар ерекше табиғи орынға зиянын тигізуі мүмкін.Бұл жерде зиян тау шатқалына емес, жазық далаға тиеді. Өйткені, жазықтағы топырақ көп көліктің бейберекетсіз қозғалысынан шаңға айналып, кейбір жәндіктер мен өсімдіктерге кері әсер етеді.
Туристер қозғалысын реттеп, туристер қабылдау үшін Бозжыра тауына жақын жерде туристік нысан мен қозғалысты реттейтін жүйе қажет», — деп түсіндірді Өркен Бисақаев қоғам өкілдеріне.
Сонымен қатар вице-министр шатқал аумағында инфрақұрылымды ретке келтіріп, туристер қауіпсіздігі мен қолайлығы үшін бірқатар шараны іске асыру керегін атап өтті.
«Бозжыра шатқалы маңындағы нысан құрылысы қоғам назарына ұсынылып, экология тұрғысынан сараптамадан өтіп, қоршаған ортаға əсері қандай болатынын анықтау керек. Дəл қазір қонақ үй құрылысы жоспарда жоқ. Сонымен қоса ешқандай жоба мақұлданып, бекітілген жоқ»,-деді Өркен Бисақаев.
Бозжыра шатқалы Маңғыстау облысында жергілікті маңызы бар «Жабай ұшқан» қорығының аумағында орналасқан. «Жабай ұшқан» киелі орны Маңғыстау облысы әкімінің қаулысымен 2012 жылы құрылған. Қазір облыстағы «Қызылсай» мемлекеттік аймақтық табиғи паркінің құрамында. Қорық төлқұжатына сәйкес аумаққа туристердің кіруіне, туристерді қабылдайтын нысандар жұмысына рұқсат берілген. Жазира Қуанышбекқызы

Укрепление экономической интеграции

Казахстан и Кыргызстан намерены вывести двустороннее сотрудничество на качественно...

Дорожная карта индустриализации

В прошлом году в Казахстане был принят Национальный проект...

Семь раз отмерь…

Как известно, Казахстан намерен построить атомную электростанцию, об этом...

Смаилов поручил ТЭЦ провести внеплановые проверки

Премьер-министр Алихан Смаилов поручил провести внеплановые проверки тепловых электростанций, передает...

Әлихан Смайылов ЖЭО-ларға жоспардан тыс тексеріс жүргізуді тапсырды

Премьер-министр Әлихан Смайылов ЖЭО-ларға жоспардан тыс тексеріс жүргізуді тапсырды, -...