12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Синоптиктер 11 қараша күні еліміздің алты өңірінде қарлы боран күтілетінін айтты.

Астанада кей уақыттарда жаяу бұрқасын жүреді. Түнде және таңертең тұман, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады.

Күндіз Алматы облысының солтүстігінде оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні — 15-20 м/с.

Мамандардың болжауынша, түнде Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Оралда да түнде және таңертең тұман болады.

Жетісу облысының солтүстігінде, орталығында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз кей уақыттарда 25 м/с дейін жетеді. Талдықорғанда оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндізгі екпіні — 15-20 м/с.

Түнде және таңертең Ақмола облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын жүреді, тұман, көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с. Көкшетауда түнде және таңертең тұман түседі.

Түнде Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман түседі. Ақтөбеде түнде көктайғақ болады.

Күндіз Қызылорда облысының оңтүстігінде оңтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с.

Семейде жаяу бұрқасын жүріп, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні — 15-20 м/с.

Өскеменде де жаяу бұрқасын жүріп, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні — 15-20 м/с.

Түнде Атырау облысының солтүстігінде, шығысында тұман болады.

Түнде Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жаяу бұрқасың жүріп, көктайғақ болады. Облыстың оңтүстігінде, шығысында солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні — 15-20 м/с. Қостанайда түнде көктайғақ болады.

Павлодар облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын жүріп, көктайғақ болады. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады. Павлодарда да жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады, боран соғып, көктайғақ болады. Солтүстік-батыстан соққан желдің түндегі екпіні 15-18 м/с.

Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында тұман түседі. Ақтауда да түнде және таңертең тұман болады.

Түнде Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, шығысында, орталығында жаяу бұрқасын жүріп, көктайғақ болады. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні — 15-20 м/с. Петропавлда солтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с.

Түркістан облысының таулы аудандарында тұман түседі. Облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, таңертең және күндіз облыстың тау асуларында 25 м/с дейін жетеді.

Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі. Облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23-28 м/с дейін жетеді. Таразда тұман болады, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей уақыттарда 23 м/с дейін жетеді.

2026 жылы табысты қалай дұрыс декларациялау керек?

2026 жылдан бастап Қазақстанда жеке табысты декларациялау тәртібі бұрынғыдан да өзекті бола түсті. Мемлекет қаржылық ашықтықты арттыру мақсатында азаматтардан табыс көздерін заңды түрде көрсетуін талап етіп отыр.

Олимпиада-2026: Жеңімпаз спортшыға қанша сыйақы беріледі

7 ақпанда 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындары басталды. Жарыстардың басталуымен бірге қазақстандық спортшылардың сәтті өнері үшін мемлекет тарапынан қарастырылған сыйақы мөлшері де белгілі болды.

Алматыда ақылды көлік жүйесі кезең-кезеңімен енгізілуде

Алматыда цифрландыруды дамыту және жасанды интеллект технологияларын енгізу бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатыр. 2026 жыл елімізде ресми түрде Цифрландыру және жасанды интеллект жылы болып жарияланды.

На грани безработицы

ПАРЛАМЕНТАРИИ ПРЕДУПРЕДИЛИ О РИСКАХ РОСТА БЕЗРАБОТИЦЫ И УСИЛЕНИЯ СОЦИАЛЬНОГО НАПРЯЖЕНИЯ В СЕЛЬСКОЙ МЕСТНОСТИ В СВЯЗИ С ИЗМЕНЕНИЯМИ ПОРЯДКА ОРГАНИЗАЦИИ ОПЛАЧИВАЕМЫХ ОБЩЕСТВЕННЫХ РАБОТ.

Перизат Қайрат колонияда жұмыс істей ме?

Жарты жыл бұрын Перизат Қайрат алаяқтық қылмысына байланысты 10 жылға сотталды.