Биыл елімізде қанша тұрғын үй салынды? Министрлік жауабы

Елімізде мамандар тұрғын үй тапшылығы туындауы мүмкін екенін айтып, жиі дабыл қағып жүр. Соңғы 3 жылда Қазақстанда қанша тұрғын үй пайдалануға берілді, оның ішінде қай облыстар алда тұр? Осы сұрақ төңірегінде  Massaget.kz тілшісі Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне ресми сауал жолдаған еді. 

Соңғы 3 жылда қанша пәтер салынды?

Ұлттық статистика бюросының мәліметтері бойынша соңғы 3 жылда (2021-2023 ж.ж.) республикада жалпы ауданы 50 млн шаршы метрді құрайтын тұрғын үйлер пайдалануға берілген. Оның ішінде жеке тұрғын үй құрылысы – 20 млн шаршы метр және көп пәтерлі тұрғын үй кешені – 30 млн шаршы метрді құрайды.

«Биыл елімізде тұрғын үйді пайдалануға беру көлемі 15,5 миллион шаршы метрден 18 миллион шаршы метрге дейін ұлғайтылды. Сондай-ақ пайдалануға берілген 439 752 пәтердің 113 871-ін тұрғындар салған. Статистика бойынша, 2021 жылы – 149 497 пәтер, оның ішінде жеке тұрғын үй құрылысы – 40 785 пәтер, 2022 жылы – 133 195 пәтер, оның ішінде, жеке тұрғын үй құрылысы – 38 201 пәтер, 2023 жылы – 157 060 пәтер, оның ішінде жеке тұрғын үй құрылысы бойынша – 34 881 пәтер салынды «, – делінген ресми жауапта.

Қай өңір үздік үштікте?

  • 2021 жылдың қорытындысы бойынша пайдалануға берілген тұрғын үйлердің үздік үштігіне

Шымкент (1012,4 мың ш.м.),
Қарағанды (663,3 мың ш.м.),
Қостанай облысында кіреді.

  • 2022 жылдың қорытындысы бойынша Павлодар облысы (488,1 мың ш.м.) мен Шығыс Қазақстан облысы (320,5 мың ш.м.) алдыңғы орында. 2023 жылдың қорытындысы бойынша Астана – 158,1% (3 810,1 мың ш.м.), Алматы – 130,7% (2 502,2 мың ш.м.), Ұлытау облысы – 131,6% (82,7 мың ш.м.) көш бастаған.

Биыл қанша үй пайдалануға берілді?

Биыл 170 мың тұрғын үй салу жоспарланып отыр. Ал қаңтар-тамыз айларындағы көрсеткіш бойынша 93 658 тұрғын үй пайдалануға берілді. 

8 айдың қорытындысымен республиканың 18 өңірінде пайдалануға берілген тұрғын үйлердің өсімі тіркелді. Тұрғын үйлерді пайдалануға беру бойынша Шымкент қаласы (27,3%-ға – 649,1 мың ш.м.) көш бастап тұр. Одан кейінгі орында:

  • Жетісу облысы (20,6%-ға – 150,2 мың ш.м.),
  • Қарағанды (18,8%-ға – 330,9 мың ш.м.),
  • Павлодар (16,5%-ға – 203,9 мың ш.м.) облысы,
  • Абай облысы (14,4%-ға – 189,8 мың ш.м.) және
  • Атырау облысы (13,5%-ға – 416,6 мың ш.м.) тұр.

Нұрсұлтан Назарбаев референдумда дауыс берді

Нұрсұлтан Назарбаев "Астана Опера" театры аумағында орналасқан дауыс беру учаскесінде таңдау жасады.

Референдум: Ел бойынша 4,6 млн-нан астам адам өз таңдауын жасады 

Абай облысында келу деңгейі 41,93%-ды құрады. Ақмола облысында бұл көрсеткіш 44,66%, Ақтөбе облысында – 45,73%. Алматы облысында – 40,41%, Атырау облысында – 42,29%. Батыс Қазақстан облысында – 36,59%, Жамбыл облысында – 35,86%.

Президент республикалық референдумда дауыс берді

Елімізде жаңа Конституция жобасы бойынша республикалық референдум басталды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сайлау учаскесіне келіп, республикалық референдумда дауыс берді.

Вице-президент лауазымы не үшін қажет? – Мемлекет басшысы жауап берді 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев журналистердің вице-президент лауазымына қатысты сұрағына жауап берді.

Референдум-2026: дауыс беру учаскелеріне халық лек-легімен келуде

Бүгін қазақстандықтар таң бозынан республикалық референдумға қатысу үшін ерекше...