12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Биыл 1411 байланыс орталығы миллионға жуық әлеуметтік кеңес берді

«Азаматтарға арналған үкіметтің» әлеуметтік-еңбек саласы бойынша 1411 бірыңғай байланыс орталығы биылғы 9 ай ішінде азаматтарға 912 мыңнан астам консультациялық қызмет көрсетті.
Бұл орайда ең көп қойылған сауалдар 42 500 теңге әлеуметтік төлеміне (400 мыңнан астам), зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыруға (356 мыңнан астам), сондай-ақ әлеуметтік мекенжай көмегіне (50 мыңнан астам) қатысты болған.
Қазақстанда әлеуметтік қызметкерлердің кәсіби мерекесі қазан айының соңғы жексенбісіне белгіленген. Бұл күн 2011 жылы ҚР Тұңғыш Президентінің жарлығына сәйкес бекітілді. Қазіргі таңда «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясында жұмыс істеп жатқан 22 мыңнан астам адамның 2 мыңнан астамы — әлеуметтік блоктың қызметкерлері.
«Корпорацияның әлеуметтік саладағы рөлі тек қана 1411 байланыс орталығымен шектелмейді. Бүгінде «Азаматтарға арналған үкімет» әлеуметтік және зейнетақымен қамсыздандыру саласында төлемдердің 44 санаты бойынша 15 мемлекеттік қызмет көрсетеді. Соның ішінде декреттік төлемдер, бала туу мен бір жасқа дейінгі күтімі бойынша жәрдемақылар, зейнетақылар мен басқа да әлеуметтік төлемдер бар», — деді мемлекеттік корпорациясының басқарма төрайымының орынбасары Біржан Жүнісов.
Айта кету керек, биылғы 9 ай ішінде «Азаматтарға арналған үкімет» әлеуметтік блогының мамандары 20,3 млн төлем жасаған. Кең тараған қызметтерге тоқталсақ, баланың тууы мен бір жасқа дейінгі күтіміне қатысты жәрдемақы – 315 397, бір жасқа дейінгі бала күтіміне орай табысынан айрылған жағдайда тағайындалатын әлеуметтік төлем – 206 082, жүктілікке және босануға байланысты әлеуметтік төлем – 154 499.

ДЕЙСТВЕННЫЕ ИНСТРУМЕНТЫ РЕШЕНИЯ ПРОБЛЕМ

ЖИВЯ В ДЕМОКРАТИЧЕСКОМ, СВЕТСКОМ И ПРАВОВОМ ГОСУДАРСТВЕ, ГРАЖДАНЕ ЧАСТО...

Атырау облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №79 мекемесінде ашық есік күні өтті

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Атырау...

Балалар колониясында Мемлекеттік рәміздер күні аталып өтті

Алматы қаласының ҚАЖ Департаментіне қарасты №11 мекемесінде  кәмелетке толмаған...

Республикалық репродуктивті денсаулық апталығын қорытындыладық — Аида Балаева

Құрметті достар! Жуырда біз болашақ ұрпақтың денсаулығы мен әл-ауқаты үшін...

Нархоз университетінде жасанды интеллект пен үлкен деректерге арналған халықаралық конференция өтті

2025 жылғы 16 мамырда Алматы қаласындағы Нархоз университетінде «Цифрлық...