12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Бірнеше рет пара алды деп айыпталған шенеунік ақталып шықты: прокуратура мәлімдеме жасады

Бірнеше рет пара алды деп айыпталған «Қазселденқорғау» мемлекеттік мекемесінің бұрынғы басшысы Кәрім Көкірекбаевтың ақталып шығуына қатысты прокуратура мәлімдеме жасады, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Прокуратурамен Кәрім Көкрекбаевтың ісі бойынша үкімге наразылық енгізілетін болады. 

7 маусымда Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты алқабилердің қатысуымен Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің «Қазселденқорғау» мемлекеттік мекемесінің бұрынғы басшысы Кәрім Көкрекбаевқа қатысты ақтау үкімін жариялады.

Ол адамдар тобы болып аса ірі мөлшерде бірнеше рет пара алды деп айыпталған.

Көрсетілген соттың үкіміне прокуратурамен оның күшін жою туралы апелляциялық өтінішхат келтіріледі.

Айта кетейік, «Қазселденқорғау» мемлекеттік мекемесінің бұрынғы басшысы К. мен оның орынбасары А. өздерінің қызметтік өкілеттіктеріне кіретін әрекеттері мен әрекетсіздігі үшін алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобында аса ірі мөлшерде пара алғаны үшін, сондай-ақ жалпы қамқорлығы үшін айыпталды (ҚК-нің 366-бабы 3-бөлігінің 3-тармағы).  Сонымен қатар, К.-ға бір әрекеттерді бірнеше рет жасағаны үшін айып тағылды (ҚК-нің 366-бабының 4-бөлігі).  ЖШС директоры П.-ға алдау және сенімге қиянат жасау арқылы мүліктік залал келтірді, ұрлық белгілері болмаған кезде, өзінің қызметтік бабын пайдаланып, ірі көлемде зиян келтірді (ҚК-нің 195-бабының 4-бөлігі 2-тармағы) және лауазымды тұлғаға жеке басына аса ірі мөлшерде ақша түріндегі пара берді деген айып тағылды (ҚК-нің 367-бабының 4-бөлігі)», — деп хабарлады Алматы облысы сотының баспасөз қызметі. 

Сот 2022 жылғы 22 желтоқсанда сотталушы А. ММ басшысының орынбасары бола тұра, өзінің қызметтік мүмкіндіктерін пайдалана отырып, селден қорғау бөгеттерін салуға шарт жасалған мердігер ұйымның директоры Ж.-дан пара алған. Жұмыстың орындалғаны туралы актілерге кедергісіз қол қою және жалпы қамқорлық үшін пара беруші 397 621 АҚШ долларынан астам ақша бергенін анықтады. Ал сотталушы П., ЖШС директоры бола тұра, жұмыстың орындалғаны туралы актілерге кедергісіз қол қою және жалпы қамқорлық үшін ММ басшысының орынбасарына 397 621 АҚШ доллары көлемінде пара берген.

Алқабилер алқасының шешімі бойынша (көпшілік дауыспен):

  • К. өзіне тағылған айыптар бойынша ақталды.
  • ҚК-нің 366-бабының 4-бөлігі бойынша кінәлі деп танылған А.-ға мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 11 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. 2022 жылғы 5 желтоқсандағы эпизод бойынша ҚК-нің 366-бабының 4-бөлігімен сотталушы А. ақталды.
  • П. ҚК-нің 367-бабының 4-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 11 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. 2022 жылғы 5 желтоқсандағы эпизодқа бойынша ҚК-нің 367-бабының 4-бөлігі және ҚК-нің 195-бабының 4 бөлігінің 2 тармағы бойынша сотталушы П. ақталды.

Үкім жарияланған күннен бастап 15 тәулік ішінде аудандық сот арқылы Алматы облыстық сотына шағымданып, наразылық білдірілуі мүмкін.

Бюджетные реформы: что ожидать?

МАЖИЛИС ПАРЛАМЕНТА РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН УТВЕРДИЛ ПРОЕКТ РЕСПУБЛИКАНСКОГО БЮДЖЕТА НА 2026-2028 ГОДЫ. ПРЕДСТАВЛЕННЫЙ ДОКУМЕНТ ЗАФИКСИРОВАЛ СУЩЕСТВЕННЫЙ ДЕФИЦИТ И ПРОДЕМОНСТРИРОВАЛ НЕСОГЛАСОВАННОСТЬ МЕЖДУ ЗАЯВЛЕННОЙ СОЦИАЛЬНОЙ ПОЛИТИКОЙ И РЕАЛЬНЫМ ФИНАНСОВЫМ ОБЕСПЕЧЕНИЕМ, ОСОБЕННО В ОТНОШЕНИИ ПОВЫШЕНИЯ МИНИМАЛЬНОЙ ЗАРАБОТНОЙ ПЛАТЫ.

Елімізде үш жылда мәдениет қызметкерлерінің жалақысы 2 есе өсті

Қазақстанда мәдениет қызметкерлерінің еңбекақысы үш жылда екі есе өсті.

Тоқаев Республика күні қарсаңында бір топ азаматты марапаттады

Президент Республика күні қарсаңында бір топ азаматты мемлекеттік наградалармен марапаттау туралы жарлыққа қол қойды.

Ғылым саласындағы мемлекеттік сыйлықтар кімдерге берілді?

Президент Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника, А.Байтұрсынұлы атындағы гуманитарлық ғылымдар саласындағы 2025 жылғы мемлекеттік сыйлықтарын беру туралы жарлыққа қол қойды.

Шағын бизнес алдағы үш жылда тексеруден босатылады

Үкімет жаңа Салық кодексіне біртіндеп көшу мақсатында шағын және микробизнес өкілдеріне қатысты алдыңғы жылдардағы салық тексерістерінен бас тарту туралы шешім қабылдады.