12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Бірлігі мықтының тірлігі мықты болады

Конституцияның нормаларына сәйкес, барлық адам өзінің құқықтары мен  бостандығын сот арқылы қорғауға құқылы. Мұны айтып отырғанымыз, қоғамымызда еңбек қатынастарында туындайтын дау-жанжалдар жоқ емес бар. Бірақ, олардың сотсыз шешілуі еліміз және азаматтар үшін де тиімді. Осы ретте айтар болсақ, еңбек даулары екі сатыда тараптардың келісімімен  немесе сот тәртібімен қаралады. Еңбек барысында туындаған дауларды келісім комиссиясы қарайды. Негізінен келісім комиссиялары мекеменің бастауыш кәсіподақ ұйымының бастамасымен құрылады. Келісім комиссиясы келіп түскен өтінішті дереу тіркеп, он бес жұмыс күні ішінде қарайды. Аталған комиссия шағымданушының талабын қанағаттандырған жағдайда оның шешімін қарсы тарап үш күн ішінде орындауы тиіс. Келісім комиссиясының шешімімен келіспеген жақ үш айда еңбек дауы бойынша сотқа арыздана алады.

Азаматтық процестік кодекстің 174-бабымен көрсетілгендей,  сот тараптарды татуласу рәсіміне шақырып, олардың татуласуына қажетті шараларды қабылдайды. Әрі олардың дауды процестің барлық сатысында реттеуіне жәрдемдеседі. Еңбек  дaуындa  медиaцияғa жүгiну немесе  oдaн бaс тaрту тараптардың қалауымен бoлaды. Десек те, еңбек дауларын медиация рәсімімен шешу өте тиімді. Мысалы, Еңбек кодексінде еңбек қауіпсіздігін қорғау мен жұмысшылар­дың бұл реттегі құқықтық сауаттылықтарын көтеру,  жұмысшы мен мекеме арасында туындайтын келіспеушіліктерді сотқа жеткізбей келісіммен шешудің мәселелері жан-жақты сараланған.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының дау-дамайды сотқа дейін реттеуге қатысты пилоттық жобалары бүгінде тиімділігін көрсетуде. «Еңбек дауларын сотқа дейін реттеу» жобасы соттардың еңбек дауларының алдын алуда кәсіподақ ұйымдарымен тығыз қарым-қатынас орнатуына сеп болды.  Өйткені, кәсіподақ ұйымы жұмыскерлердің еңбек және әлеуметтік құқықтарын қорғау, еңбек қауіпсіздігінің сақталуын қамтамасыз ету бағытында жұмыс істейді. 

Кәсіподақтардың араласуымен еңбек дауларының ынтымақтастық жолымен шешілуі екі тарап үшін пайдалы болмақ. Осы себепті, Жоғарғы Сот мемлекетімізде дау-жанжалды сот немесе құқық қорғау органдарынсыз шешетін татуласу орталықтарының құрылуына мұрындық болды. Соған орай, соңғы жылдары жұмыс берушілер мен жұмыскерлер арасында туындайтын келіспеушіліктердің сот тәртібімен қаралуы азайды. Бұл Жоғарғы Сот тарапынан қолға алынған жобалардың нәтижесінде тараптардың еңбек қатынастары бойынша туындаған дауларды өзара келісіммен шешуіне жол ашқанына көрсетеді.

«Бірлігі жоқтың тірлігі жоқ» демекші, еңбек дауларының медиация рәсімдерімен бітуі өзара ынтымақтастық пен берекелі тірлікке бастары анық.

Асқар Оспанбеков,

Түрксіб аудандық сотының судьясы

Алматы қаласы

Как не стать жертвой финансовой пирамиды

Финансовая пирамида (также инвестиционная пирамида, схема или игра Понци)...

Сот отырысында аудио-бейне тіркеу жүйесін пайдалану ережелері

Осы Сот отырысына қатысуды қамтамасыз ететін техникалық байланыс құралдарын...

СОТ ЖҮЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУ — ҚОҒАМНЫҢ ТАЛАБЫ

Сот - кез-келген даудың түйінін тарқатып, әділдігін айтып, тура...

Сот азаматтың тұрғын үй құқығын қорғады

Талап қоюшы 2011 жылдың сәуір айынан бастап «жасына байланысты...

Кассациялық соттың құрылуы және қызметі

«Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан...