12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Бір жоғары оқу орнынан екіншісіне ауысқанда грант сақтала ма?

2023/2024 оқу жылында Қазақстан бойынша 24 мыңнан аса студент бір жоғары оқу орнынан екіншісіне ауысты. Оқу орнын ауыстырған кезде грант сақтала ма? Әлде қосымша төлеу қажет пе? Massaget.kz тілшісі материалында.

Ғылым және жоғары білім министрлігі мәліметінше, студенттердің бір білім беру бағдарламасынан екіншісіне, бір ЖОО-дан екіншісіне ауысуы жазғы және қысқы демалыс кезінде жүзеге асырылады.

Бұл ретте даярлық бағыты, бағдарламаның бейіні, үлгерімі, оқу жетістіктері және академиялық адалдық нормаларын бұзу деректері ескеріледі.

Сонымен қатар, шығармашылық дайындықты талап ететін бағдарламалардан басқа бағдарламаларға ауысуға тек ҰБТ сертификаты болған жағдайда рұқсат етіледі, оның балы қабылдау ережелерінде белгіленген ең төменгі шектен төмен болмауға тиіс. Басқа бағдарламалардан педагогикалық бағдарламаларға ауысу да белгіленген шектен төмен емес балл жинаған ҰБТ сертификаты болған жағдайда ғана рұқсат етіледі.

«Көрсетілген талаптарға сәйкес келген жағдайда студент демалыс уақытында басқа ЖОО-ға ауысу туралы өтінішті ректордың атына жаза алады», – деді министрлік өкілдері.

Грант сақтала ма?

Бұл тұста нюанстар бары белгілі болды.

«Білім беру гранты бойынша оқитын студент басқа ЖОО-ға грантын сақтай отырып ауыса алады. Алайда кейбір ЖОО-ларға бөлінген білім грантымен оқуға түскен студенттер мен педагогикалық мамандықтарға квота бойынша түскен студенттер басқа ЖОО-ға тек ақылы негізде ауыса алады», – деді ведомство өкілі.

Сонымен қатар, басқа ЖОО-лардан ұлттық университеттерге ауысқан студенттер, магистранттар, резидентура тыңдаушылары білім беру гранты құнының айырмашылығын төлеуге міндетті.

«Ұлттық университеттердегі грант құны басқа ЖОО-ларға қарағанда жоғары. Сондықтан студенттер грант құнының айырмашылығын төлейді», – деп түсіндірді министрлік өкілі.

Министрлік студенттерді ауыстыру тәртібін белгілеу ЖОО құзыретіне кіретінін еске салды. Жоғары оқу орындары студенттерді ауыстыру ережелерін өздері әзірлеп, бекітіп, олардың сақталуын қамтамасыз етеді. Қажет құжаттар тізімімен egov.kz порталында танысуға болады.

Қасым-Жомарт Тоқаев «Отан Ана» ескерткішіне құрмет гүлін қойды

Қасым-Жомарт Тоқаев "Отан Ана" монументіне гүл шоғын қойды,

Елімізде қанша ҰОС ардагері бар?

Қазақстанда Ұлы Отан соғысының қанша ардагері бар екені белгілі болды.

ҰОС ардагерлерінің құрметіне Алматыда қандай көшелер аталған?

Алматыда 110 көше Ұлы Отан соғысына қатысушылардың есімімен аталады. Оның ішінде 94 көше Кеңес Одағының Батырларының есімімен аталған.

Астанада Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парад өтті

Астанадағы "Қазақ елі" монументі жанындағы Тәуелсіздік алаңында Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парад ұйымдастырылды.

Ұлы Отан соғысының ардагерлері ешқашан ұмытылмайды — Тоқаев

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада өткен Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған парадта қазақстандықтарды құттықтады.