12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Білімді ұлт «сапалы білім беру » ұлттық жобасы аясында Қазақ ұлттық университетінде шетел филологиясы мен аударма ісін оқытудың жаңа көзқарасы

Адамның адамшылығы – ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады. Адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады екен.

Білімді болу деген сөздің мағынасы — белгісіз нәрсені ашуға қабілетті болу деген ұғым. Әл Фарабидың   осындай ой-  тұжырымы білімге ұмтылған жастарға арналғандай.

Осы орайда, қазіргі білім жүйесінде жасалып жатқан жобалардың денін көріп,  жастардың болашағына жол ашылғандығын және біздің білім саласының даму бағытында екендігін көруге болады.

Нақтылайтын болсақ, «Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасының бізге берері көп.

Бұл жоба — білім және ғылым министрлігінің қолдауымен жүзеге асырылуда.

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР білім және ғылым министрі Асхат Аймағанбетов «Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасының негізгі бағыттары туралы айтып берді. Бұл жоба —

мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша мемлекеттік бағдарламалардан ұлттық жобалар форматына көшу бағытында  жүзеге асырылғандығын тілге тиек етті.

Осы орайда, білім жүйесінің жүйріктерін даярлайтын Әл Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің филология факультеті, шетел филологиясы  мен аударма ісін даярлайтын ұжымның осы жобаның жүзеге асырылуына сақадай сай деп толық айта аламын.

«Білімді ұлт’ сапалы білім беру» ұлттық жобасында жедел шешімдерді талап ететін және халықтың қажеттілігін қамтамасыз етуге бағытталған мәселелер бойынша мемлекеттік бағдарламамен сабақтастық сақталғандығын атап өтті.

Ұлттық жоба 4 негізгі бағыттан, 5 міндеттен, 15 көрсеткіштен және 26 іс-шарадан тұрады.

 «Оның ерекшелігі – ол нақты және ең маңызды міндеттерге бағытталған.

 Дәл осы жерде мемлекет негізгі қол жеткізуге болатын және ең қажетті міндеттерге баса назар аударатынын нақтылады.

Ұлттық жоба сапалы білім алуға қолжетімділікті кеңейтуге мүмкіндік береді. Әзірлеу барысында ұлттық жоба жұртшылық өкілдерімен, білім беру саласындағы сарапшылармен талқыланды және барлық мүдделі мемлекеттік органдармен пысықталып жасалғандығын ескертті.

Ауыз толтырып айтатын осындай  ауқымды жобаларға біздің ұжымның берері көп.

Шетел филологиясы мен аударма ісін оқытудың бірнеше бағыттары бұл жобаның сенімін ақтайды деп сенеміз.

Біздің оқу бағдарламамыз бірінші және екінші шет тілдерінің практикалық тұрғыдан игеру және екінші тіл теориясы мен әдістерін оқыту негізінде шет тілді білім беру саласының, оның ішінде ағылшын/неміс/француз/испан тілдері бойынша оқу, жазу, тыңдау, сөйлеу дағдыларын қазіргі инновациялық технологиялар арқылы меңгертумен қоса, сыни тұрғыдан ойлай алатын, әртүрлі дереккөздерден алынған ақпараттарды бағалап, талдап, сұрыптай алатын, түрлі жағдаяттарға қарай бейімделетін, өз ойын еркін төрт тілде жеткізіп, топпен жұмыс істей алатын бәсекеге қабілетті маман даярлауға бағытталған.

Білім — адам баласының ортақ қазынасы. Сондықтан білім жолы ұстаз бен шәкірттің түсінігі түйіскен жерде нақтыланбақ.

Ғылым білімге қонады, ғылымсыз білім тым құрғақ- деп Жүсіпбек Аймауытов айтқандай, әрбір ғылым ниет пен ізденістің, оқу мен талпынудың шегін талап етеді.

     Осы орайда жоғарыда аталған жобаның бесінші  міндеті – қазақстандық жоғары оқу орындарының бәсекеге қабілеттілігін арттыру екендігін атап өтті.

Ұлттық жоба шеңберінде (15 өңірлік және 5 педагогикалық ЖОО) және 2 озық ЖОО құрылады.  Сонымен қатар 2025 жылдың соңына дейін шетелдік жоғары оқу орындарының 5 филиалын ашу жоспарланып,  жастардың елден кетуін қысқартуға мүмкіндік беретіндігін меңзеді. Жалпы, білім және ғылым саласында болып жатқан түрлі өзгерістер мен енгізулер- жастардың кемел болашағы үшін жасалып жатыр. Осы орайда

Аймағамбетов мырзаның тағлымды тұжырымы қазіргі  білім саласының қарыштап дамуына өз ықпалын тигізіп жатқандығын байқаймыз.

       Ұлттық жоба аясында білім саласына бірқатар өзгерістер мен жаңартулар енді. Ал жобаның қаншалықты нәтижелі болары – уақыт еншісінде. Десек те, біріңғай ұлттық жобадан үлкен үміт күтеміз және ғылым мен білімнің шәкірт санасына дұрыс жеткізуді басты бағытымыз деп санаймын. Бәсекеге қабілетті білімді ұрпақтың  білікті айнасы болайық.

⠀Айтжанова Гүлнара Досхожақызы

әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті, Шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасының доценті м.а

Организация работы в студенческом научном клубе кафедры

(на примере кафедры уголовного права, уголовного процесса и криминалистики...

Бейбітшілік — баға жетпес байлығымыз

Дана халқымыз «Бірлігі жоқ ел тозады, бірлігі күшті ел...

Бәсекеге қабілетті сапалы білім — ел дамуының негізі

Қазіргі әлем дамудың жаңа кезеңіне қадам басты. Ғылым біздің...

ҚазҰУ — білім мен ғылымның қара шаңырағы

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ – Қазақстандағы ең беделді оқу орындарының...

ҚазҰУ — жарқын болашақ кепілі

15 қаңтар Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің құрылған күні....