12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Заң факультетінде «Ашық есік» күні өтті

Қазақ ұлттық университеті – іргелі білім ошағы, ғылым мен мәдениеттің орталығы. Халқымыздың заңғар перзенттері қызмет еткен, талай талантты ұл-қыздарымыз шыққан қара шаңырақ. Ғылым мен қоғам қайраткерлерінің бірнеше буынын тәрбиелеп шығаратын алтын ұя. Бүгінгі заман – ой мен өрісті, ізденісті талап ететін және ғылыми жаңалығы көп жаңашыл кезең. Сондықтан заман талабына сай сұраныстағы мамандық – құқықтану, заңгер мамандығы. Осы орайда еліміздегі заңгерлерді дайындауда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің заң факультетін ерекше атап өтуге болады. Өйткені, қазақ жеріндегі аталмыш маман иелерін дайындауда бұл білім ордасының алар орны ерекше.Осы жайттарды ескере отыра,болашақ талапкерлерді оқу ордасының студенті атануға шақыру мақсатында заң факультетінде «Ашық есік»күні өтті.

Ашық есік күні талапкерлерге заң факультетін толықтай аралатып,заң ғылымына еңбегі сіңген біртуар ғалым мен профессорлардың атына берілген аудиоториялар таныстырылды.Сонымен қатар, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мұражайын  да көрсеттік.Мұражай 1989 жылдан бастап жұмыс жасайды.Мұражайды таныстырғандағы мақсатымыз-халқымыздың мәдени  мұрасын болашақ ұрпаққа насихаттау,білім мен ғылым саласында жеткен жетістіктерін дәріптеу. Факультеттердің, ғылыми-инновациялық зерттеу институт­тарының және орталықтардың жетіс­тіктері, алдағы жоспарлар туралы мәліметтерді «Университеттің тұрақты дамуы» залын да толықтай тамашалап қайттық.

Келесі нүктеміз,ҚазҰУ-дың жағдаяттық басқару орталығы болды.Орталық-еліміздегі жоғары оқу орындары арасында теңдесі жоқ,бірегейі.Орталық шешімді қолдау жүйесін енгізудің,модельдеу және талдау технологияларына негізделген ақпаратты шоғырландырып және кешенді басқаруды қамтамасыз ету жүйесінің заманауи түрі.

Университет қабырғасында  1086 бейнебақылау камерасы жұмыс істейді,оның 515  камералары қоғамдық қауіпсіздікке жауап берсе,оқу процесін бақылау үшін 346 камера орнатылғаннын да айта кеттік.

Таныстыру жұмыстары әрмен қарай жүргізіліп,келесі «Керемет»студенттерге қызмет көрсету орталығына алып келдік. «Керемет» студенттерге қызмет көрсету орталығы — Әл-Фараби университетіндегі «ақылды қала» қағидаты бойынша оқу, медициналық, заңдық, қаржылық және мәдени-ойын-сауық қызметтерін көрсететін студенттерге ресурстық орталық.Болашақта барлық мүмкіндікті толықтай пайдала алатындарын да ескертіп өттік.Талапкерлер таңданыстарын жасыра алмады,атына заты сай «Керемет»орталығында әр студентке жағдай жасалғанына көз жеткізді.

«Ашық есік»күнінде қара шаңырақтың кітапханасының «Абай залы» да көрсетілді. Абай шығармашылығы еліміздегі әр азаматтың санасында болуы керек. Оның шығармалары жас буынның әдеби талғамын, рухани дамыған жеке тұлғасын қалыптастыруда бағыт-бағдар береді.Осы мақсатта 2019 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің әл-Фараби кітапханасында Абай залы ашылды. Абай залы әл-Фараби кітапханасының үшінші қабатында орналасқан.Соңғы нүктеге келгенде талапкерлерді жоғарғы оқу орнын таңдауда қателеспеу керек екенін,армандардың орындалатынын айта кеттік.

Бүгінгі жаңарған талаптар қоғамы ең алдымен нағыз маманды көбірек бағалайды. Кәсіби шеберлігі жоғары маман дайындау  университетіміздің– ежелден келе жатқан дәстүрлі міндеті. Сондықтан болашақта еліміздің іргесін ұстайтын жан болғың келсе біздің қара шаңырақтың студенті бол,ҚазҰУ сені күтеді.

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, заң факультеті, қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының PhD докторы М.Е. Акболатова

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, заң факультеті, қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының оқытушысы Тұрысбек Р.Б

Организация работы в студенческом научном клубе кафедры

(на примере кафедры уголовного права, уголовного процесса и криминалистики...

Бейбітшілік — баға жетпес байлығымыз

Дана халқымыз «Бірлігі жоқ ел тозады, бірлігі күшті ел...

Бәсекеге қабілетті сапалы білім — ел дамуының негізі

Қазіргі әлем дамудың жаңа кезеңіне қадам басты. Ғылым біздің...

ҚазҰУ — білім мен ғылымның қара шаңырағы

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ – Қазақстандағы ең беделді оқу орындарының...

ҚазҰУ — жарқын болашақ кепілі

15 қаңтар Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің құрылған күні....