Бензин неге қымбаттап жатыр? Энергетика министрі түсіндірді 

Қазақстанда бензин бағасының қымбаттауы әлемдік нарықтағы үрдістермен қатар ішкі нарықтағы сұраныс пен ұсынысқа да байланысты. Бұл туралы Мәжіліс кулуарында Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Журналистер министрден Қазақстан мұнай өндіретін мемлекет бола тұра, елде жанармай бағасының неге өсіп жатқанын сұрады.

Ерлан Ақкенженовтің айтуынша, бағаның қалыптасуына бір ғана фактор емес, бірнеше маңызды себеп әсер етеді.

Әлемдік трендтер бар, ішкі сұраныс пен ұсыныс бар. Біз өнімді оның өзіндік құнынан төмен бағамен сата алмаймыз. Қазақстандағы үш ірі мұнай өңдеу зауыты шығаратын жанармай барлық сапа талаптарына толық сәйкес келеді, – деді министр.

Министр қажет болған жағдайда журналистер үшін мұнай өңдеу зауыттарына арнайы баспасөз турларын ұйымдастыруға дайын екенін айтты. Мұнай өндіру көлемі кей өңірлерде азайып жатыр

Энергетика министрінің мәліметінше, еліміздегі ұзақмерзімді мәселелердің бірі – ресурстық базаның біртіндеп қысқаруы. Қазіргі уақытта бірқатар мұнайлы өңірлерде өндіріс көлемінің төмендеуі байқалады.

Бүгінде Қызылорда облысында мұнай өндіру айтарлықтай азайып отыр. Ақтөбе облысында да өндіріс көлемі төмендеуде. Иә, Теңіз кен орнында өсім бар. Бірақ белгілі бір кезеңде Қазақстан мұнай өндірудің шекті деңгейіне жетеді. Мұны түсінуіміз керек, – деді Ерлан Ақкенженов.

Министрдің пікірінше, алдағы 10 жылда Қазақстан үшін негізгі міндеттердің бірі – мұнай-газ саласындағы ресурстық базаны толықтыру. Оның айтуынша, жаңа қорларды барлау мен игеру жұмыстары неғұрлым белсенді жүргізілсе, бұл болашақта баға тұрақтылығына оң әсер етуі мүмкін.

Қазақстан ресурстық базаны толықтыру бағытында неғұрлым белсенді жұмыс істесе, бұл болашақтағы баға жағдайына да соғұрлым жақсы ықпал етеді, – деді ведомство басшысы.

Бағаға негізгі әсер ететін факторлар қандай?

Энергетика министрлігі бүгінгі таңда жанармай нарығындағы жағдай көбіне ішкі сұраныс пен ұсыныстың арақатынасына тәуелді екенін атап өтті.

Министрдің сөзінше, дәл осы факторлар мұнай өнімдерінің ішкі нарықтағы бағасын қалыптастыруда шешуші рөл атқарады.

Айбек Дәдебай Құрылтай төрағасы болып сайланды 

Құрылтай отырысында Айбек Дәдебай Құрылтай төрағасы лауазымына сайланды.

Құрылтайдың жөні бөлек болары анық – Қасым-Жомарт Тоқаев 

Қазақстан Республикасы Құрылтайының бірінші сессиясы барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Құрылтай ұғымының маңызына тоқталды.

Құрылтайдың ең алғашқы отырысы ашылды 

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен бірінші шақырылымдағы Қазақстан Республикасы Құрылтайының бірінші сессиясы ашылды

Қазақстанда вице-президент пайда болды: Жаңа лауазым не өзгертеді? 

Вице-президенттің міндеті тек өкілдікпен шектеле ме? Жаңа Конституцияда бұл қызметке қандай өкілеттік берілгені және билік сабақтастығы қалай реттелгені белгілі.

7 қыркүйектен кейін қазақстандықтар зейнетақысын өздері басқара алады: Нені білу керек? 

7 қыркүйектен бастап жеке басқаруға беруге болатын зейнетақы жинақтарының ең жоғары үлесі 50%-дан 100%-ға дейін ұлғаяды.