Белгілі теолог Ризабек Батталұлы оқшауланған аймақтағы сотталғандармен кездесті

Республикаға танымал белгілі теолог, исламтанушы-ғалым, Нұр-Мүбарак Еипет ислам мәдениеті университетінің ғылыми қызметкері Ризабек Батталұлы Қызылорда облысы бойынша қылмыстық-атқару қызметі саласына қарасты № 68 мемлекеттік мекемесінде болып қайтты.

Республикалық ақпараттық насихат тобының мүшесі, бұл жұмыс барысында мекеменің оқшауланған аймағындағы экстремизм терроризм баптары бойынша, сотталған азаматтарымен кездесті.

Кездесу барысында алдымен, топтық дәріс өткізді. Дәріс кезінде жазасын өтеушілерге Құран аяттарының тәфсірі, иман негіздері ақида, хадис ілімі туралы кеңінен мағлұмат берді.

Содан соң, оларды жеке-жеке қабылдап, теріс діни көзқарастағы адасқан жандардың дінге қатысты ой-пікірін тыңдап, қойған сұрақтарына жауап берді.
ҚР ҚК – тің 256 бабының 2- тармағымен 7 жыл 8 айға бас бостандығынан айрылған Д. есімді жігіт, « намаз оқымайтын адамдар кәпірлер ме? деген сұрағын қойды. Ислам танушы ғалым сотталғанға, күпірлікпен айыптап, тіпті ата-анасы мен өзінің туғандарын намаз оқымағаны үшін жат көріп кетудің дұрыс емес екендігін әртүрлі мысалдар келтіре отырып, түсіндірді.

Яғни, айналамыздағы намаз оқымағандарды жаппай кәпірге шығаруға болмайды. Бұлай санау аса қауіпті. Алла Елшісі: «Кімде-кім бауырына: «Ей, Кәпір!», – десе, ал ол адам шынымен кәпір болмаса, онда айтқан адамның өзі кәпір болады», – дегенді айта отырып, Нұр-Мүбарак баспасынан шыққан «Намаз оқымайтын адам – КӘПІР» дейтіндерге жауап» деген кітап мазмұны негізінде тақырыпқа қатысты әһлу сунна ғылымдарының ұстанымын басқа көзқарастармен салыстырыла отырып, теологиялық, діни-құқықтық тұрғыда жан-жақты талдап берді.

Кездесу соңында соталғандар жоғарғы діни ордадан келген,білікті маманмен өткізілген, кездесуден алған жағымды әсерін былайша жеткізді: Бүгін мен бостандықта жүргенде тек әлеуметтік желіден, теледидардан көріп, уағыздарын тыңдаған жанмен кездестім.

Ойымдағы күмәнді сұрақтарыма тұщымды жауап алдым. Діндегі көзқарасым мен пікірімнің,ұстанған бағытымның дұрыс емес екендігін түсіндім.

Келген қонаққа және осы кездесуді ұйымдастырған мекеме теологтарына алғысымды білдіремін- деді, Ө. есімді 19 жастағы ең жас жазасын өтеуші азамат.

Милосердие в месяц Рамазан: сотрудники ДУИС по области Абай оказали помощь многодетной семье

В священный месяц Рамазан, который символизирует милосердие, сострадание и...

Свобода, которую нельзя заменить

В колониях минимальной безопасности особое значение имеют дни, когда...

Еркіндіктің орны бөлек

Ең төменгі қауіпсіздік мекемелерінде жазасын өтеп жатқан сотталғандар үшін...

Абай облысы ҚАЖ әйел қызметкерлері 8 наурыз қарсаңында марапатталды

Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі...

Сотрудники УИС по области Абай провели «Бьюти День» для представительниц старшего поколения в Семее

В преддверии Международного женского дня сотрудники Департамента уголовно-исполнительной системы...