12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

БЕЙБІТШІЛІК ЖОЛЫНДАҒЫ БЕДЕЛДІ ӘРІПТЕСТЕР

Қазақстанның әлемдік саясатта беделі жоғары. БҰҰ-ға мүшелікке өткен 1992 жылдан бастап жас мемлекет өз елін өркениетті, дамыған елдер қатарына қосу мақсатында көптеген жұмыстар атқарды, түрлі тәуекелдерге бара отырып, беделін нығайтты. Бейбітшіліктің дәнекері, тұтастық пен татулықтың кепілі ретінде әлем
алдындағы абыройын арттырды. Бүгінде ауыз толтырып айтуға тұратын мұндай көп игіліктің артында елдің елеулі тұлғаларының жанкешті еңбегі мен мемлекеттің ізденімпаз, жаңашыл саясатты ұстану әрекеттері тұр. Жас мемлекеттің ауызын айға білеген алып мемлекеттер қатарынан көрініп, жаһандық қауіпсіздікті сақтау,
нығайту жолындағы мәселелерге ерен еңбек сіңіруі, ядролық қаруды таратпау әрі қысқарту ісінде де жетекші болуы осы жолдағы толассыз қайраткерлікті көрсетті. Тәуелсіз елдің ең әуелгі беделі қазақ даласындағы ядролық сынақтарды тоқтату ісінде көрінді. 1991 жылы Семей даласында тоқтатылған сынақ БҰҰ-ның
53-сессиясында көтерілген өзекті мәселенің бірі болды. Ол сессияда «Қазақстандағы Семей өңірі адамдары денсаулығы мен экологиясын сауықтыру және экономикасын дамыту мақсатындағы халықаралық ынтымақтастық пен іс-қимылды үйлестіру» бойынша қарар қабылдады. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен ядролық қарусыз әлемді құруға бағытталған Атом жобасы жүзеге асырылды. Жобаның
басты мақсаты – әлем елдерінің басшыларын ядролық қаруды пайдаланбауға шақыру болатын. Дамуды, өркендеуді, өркениет көшін бастауды мақсат тұтқан барлық ел халықаралық маңызы бар бұл құжаттың қолдаушысы.

Әйел құқығы алдыңғы орында
БҰҰ-ның аясында атқарылатын бұдан өзге де халықаралық маңызы бар міндеттер көп. Солардың бірі – әлемдегі әйелдер құқығы мәселесі. Ұйым жыл сайын әйелдер ісіне қатысты атқарылып жатқан, атқарылуға тиіс шараларға сараптама жасайды. Жыл сайынғы үрдістен жаңылмай әйел теңдігін, әйел құқығын, теңқұқылық мәселесін үнемі сөз етеді. Өз ұйымына мүше елдердің барлығындағы осы жағдай БҰҰ-ның
жіті бақылауында. Мәселен, биыл «БҰҰ-Әйелдер» құрылымы «Мен – теңдік буыны өкілімін: әйелдер құқығын іске асыру» атты әлемдік акция бастады. Оның аясында Теңдік Буыны (Generation Equality) – әйел құқығын қорғауға және өркендеген қоғам құру жолында ұрпақтар мен барлық күштерді біріктіру шарасы қолға алынды. Биыл әлемдегі әйелдер мен қыздардың құқығын қорғау саласындағы ең жетілдірілген жоба саналатын Бейжің декларациясы мен іс-қимыл платформасы құжатының қабылданғанына 25 жыл толыпты. Осыған орай ұйым бұл ауқымды жобаға бүкіл әлем жұмылдырылса деп есептейді. Азаматтық қоғам, жастар, еріктілер, белсенділер әлемдегі әйел құқығын қорғау мен оның теңсіздігін реттеуге атсалысса деген пікірде.

Зорлық зомбылыққа жол жоқ!
Қазақстан ұйым талабына сай гендерлік теңдікті нығайтып, тұрмыстағы зорлық-зомбылықты ауыздықтауға білек сыбана кірісіп кетті. Еліміз үшін тұрмыстағы зорлық-зомбылық пен жыныстық қорлықты тоқтату, жәбір көрген әйелдерге, қыз-келіншек, жасөспірімдерге қамқор болу бірінші мәселе. Өйткені елде осы мақсат төңірегінде көптеген жоспарлы міндеттер атқарылса да, келеңсіздіктер тоқтамай тұр. Оған өздеріңізге
белгілі кешегі Ақтөбедегі, бүгінгі Батыс Қазақстандағы оқиғалар дәлел. Сол себепті де бұл іс жалғыз мемлекеттің айналысып, күресетін жұмысы емес, еліміздің әрбір саналы азаматы бастамашы болып, өз үлесін қосатын ауқымды шаруа. Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, ел заңнамаларындағы осы мәселеге қатысты тұстарды қатайту маңызды. Осыған орай Қазақстан үкіметі әрбір азаматтың жеке көмегіне, жеке белсенділігіне үлкен сенім артуда. Әйелдер құқығын қорғауға ер азаматтардың да бір кісідей атсалысуы керек. Қоғамдағы теңсіздікті жою, жынысына, тегіне қарай алалауды тоқтату, әлсіздермен диалог орнату, үнемі байланыста болып көмек қолын созу, құқықтық кеңестер беру бүгінде мемлекеттің мойнына алған міндеттерінің бірі. Осы бағытта қыруар жұмыс атқарылды. Мемлекеттік және жеке сектордағы әйелдердің үлес салмағы да артқан. Қазақстанның саяси өміріне де әйелдер қауымы қазіргі таңда белсене араласады.
Мансаптық, қызметтік өсу жол дарында әйелдерге мемлекет көптеген жеңілдік жасап, мүмкіндік беріп отыр. Бірақ, көп жағдайда шешім қабылдайтын да, алдағы өз өмірінің қалай болатынын да шешетін әйелдер. Егер әйел өзін тұрмыстағы жәбір-жапаға, ауыр азапқа қарсы тұрмаса, оған ешқандай мемлекет те, ешқандай БҰҰ-да көмектесе алмайды. Сондықтан, да, әйел ең алдымен өзіне өзі ғана көмектескені жөн. Қазақстан БҰҰның тізімінде әйелдер құқығын қорғаушы есебінде. Ендеше, алдағы уақыттарда да Қазақстандай мемлекетті мекен етуші кез келген қыз-келіншек, жасөспірім мен бала ешқандай азапқа, қорлыққа, қиянатқа душар болуға тиіс емес.

Саясатта сенімді серіктестік маңызды
БҰҰ барлық кезеңде әлем халықтарының алдына өз мемлекеттеріндегі кедейлікпен күресті күшейту міндетін қойып келеді. «Кедейлікті жою, сапалы білім беруді және климатты сақтау іс қимылдары мен оларды жан-жақты ілгерілету» тақырыбы қашанда аталмыш ұйым үшін өзекті. Бұл тұрғыда біздің мемлекет қазірдің
өзінде маңызды үндеу жариялап тастады. Президент Қ.Тоқаевтың айтуынша, Қазақстан 2030 жылға дейінгі орнықты даму мақсаттарын жүзеге асыруға дайын. Тіпті мемлекет осы ұлы мұраттар жолындағы шаруаларын бастап та кеткен. Кедейлікпен күрес елде қазіргі таңда қарқынды жүзеге асырылып жатыр. Елді экономикалық, әлеуметтік жаңғырту жұмыстары үздіксіз жалғасын табуда. БҰҰ жетекшісі Антониу Гутерриш
бұндай мақсатты жұмыстарды атқарудағы Қазақстанның БҰҰ -мен бірлесе істеп жатқан шаруаларына өзінің оң бағасын беріп те үлгерген. Қазақстанның ядролық қаруға қарсы жетекші рөліне де ұйым басшысының пікірі оң. Соның ішінде Сириядағы қақтығыстарды тоқтату, ондағы шетел азаматтарын өз елдеріне қайтару ісіндегі Қазақстанның үлесі баса айтылған. БҰҰ Қазақстанға алдағы уақыттарда да сенімді серіктес ретінде иек артуға, болашақта бірлесе отырып көптеген игілікті істер атқаруға болатын ел ретінде үлкен сенім білдірген. Ендеше, Қазақстанның әлемдік саясаттағы салмағы айқын. Болашақтағы бағыты анық. Әрбір азаматына
Конституциясы қорған. Мұндай мемлекеттің келешегі жарқын.
Жадыра ҚҰДАЙБЕРГЕН

[ratings]

Буллинг, автобустан түсіруге тыйым: биыл балаларға қатысты қандай заңдар қабылданды?

2024 жыл елімізде балалардың құқықтарын қорғау бойынша маңызды оқиғаларға толы кезең болды. Биыл балалардың жағдайын жақсартуға, әсіресе әлеуметтік қолдау мен балалардың қауіпсіздігін күшейтуге бағытталған үш негізгі заң қабылданды.

Қазақстандықтар қаңтар айында қанша күн демалады?

Жаңа жыл мерекесіне орай биыл ел тұрғындары 1-4 қаңтар аралығында демалады. Ал 5 қаңтар жексенбіге сәйкес келсе де, жұмыс күні болады.

Қазақстан онлайн-қызмет көрсету индексі бойынша Топ-10 елдің қатарына енді

БҰҰ рейтингінде Қазақстан электрон үкіметтің даму деңгейі бойынша әлемнің ең үздік 25 елінің қатарына енді.

Салық қызметкерлері қазақстандықтарға маңызды үндеу жасады

Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады.

ЖЕР БАҒАСЫ АСПАНДАП ТҰР

Қиян шеттегі ауылды қайдам, аудан орталығындағы жер бағасы сіз бен бізді ойландырмай қоймайды. Облыс не үлкен қала орталығына жақын елді мекендерді былай қойғанда, 10-15 мың түтіні бар моноқалалық жерде 10 сотық жер бағасы 2-3 млн теңгеден асып жығылады.