Баж салығы мәселесі: Қазақстан мен АҚШ арасында келіссөздер жүріп жатыр

Қазақстан Дональд Трамп енгізген жоғары тарифті бізге қолданбау бойынша АҚШ-пен келіссөз жүргізіп жатыр. Бұл туралы Сауда және интеграция министрлігінің Сыртқы сауда қызметі департаментінің директоры Серік Әшитов мәлімдеді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Серік Әшитовтің сөзінше, Қазақстан АҚШ-пен кеңесіп жатыр.

«9 сәуірде Америка Құрама Штаттары жоғары тарифті енгізу жұмыстарын 90 күнге кейінге қалдыратынын жариялады. Бүгінде Қазақстан Үкіметі елімізге жоғары тариф енгізілмеуі үшін АҚШ-пен кеңесті бастады», — деді Әшитов ӨКҚ брифингінде.

Оның айтуынша, бұл мәселе Дүниежүзілік сауда ұйымының алаңында талқыланады.

Серік Әшитов АҚШ енгізіп жатқан шаралар Америкаға бағытталатын қазақстандық экспорттың 4,8 пайызына ғана әсер ететінін мәлімдеді. Оның сөзінше, АҚШ-қа бағытталатын, қазақстандық экспорттың шамамен 90 пайызы болатын мұнай, уран, күміс, ферроқорытпа сияқты негізгі экспорт тауарларына бұл әсер етпейді.

«Бұл шараларды енгізу Қазақстанның экспортына айтарлықтай әсер етеді деуге негіз жоқ. Соған қарамастан Үкімет пен Сауда және интеграция министрлігі осындай біржақты шаралардың салдарын азайту және сауда қатынасын нығайту үшін америкалық әріптестермен жұмысты жалғастырады», — деді департамент басшысы.

Бұған дейін не белгілі?

Еске салайық, бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп шетелден әкелінетін барлық тауарға баж салығы енгізілетінін жариялады. 

Базалық тариф 10 пайыз деңгейінде, алайда ол көптеген мемлекет үшін жоғары болмақ. Мәселен ЕО елдерінен келетін тауарға 20 пайыз, Швейцария үшін 31 пайыз, Ұлыбритания үшін 10 пайыз, Израиль үшін 17 пайыз, Қазақстан үшін 27 пайыз болады делінді.

Ең жоғары төлем Вьетнамға (46 пайыз), Камбоджаға (49 пайыз), Лаосқа (48 пайыз) жүктелген еді.

Кейінірек Қазақстанның Сауда министрлігі осы жағдайға пікір білдірді. 

Біраз уақыттан кейін АҚШ президенті Дональд Трамп Қытайды қоспағанда, әлем елдерінің тауарларына бұған дейін жариялаған баж салығын 90 күнге тоқтатты. 

ОСК сайлау мен референдум болмаған кезде немен айналысады?

Қазақстанда жалпыреспубликалық сайлау мен референдум өтпейтін кезде Орталық сайлау комиссиясы (ОСК) немен айналысады?

Оқушылар көктемгі каникулда қанша күн демалады?

Қазақстандық оқушылар 11 күн бойы көктемгі демалыста болады. Оғу-ағарту министрлігі мәліметінше, демалыс 19 наурызда басталып, 29 наурызға дейін созылады.

Қазақстанда тұрғын үй саудасы төмендеді 

2026 жылғы ақпан айында Қазақстанда тұрғын үйді сатып алу-сату бойынша 27 421 мәміле тіркелді.

1 сәуірден бастап тағы бір өзгеріс енгізіледі

2026 жылғы 1 сәуірден бастап балаларға арналған демалыс және сауықтыру лагерьлері міндетті түрде лицензия алуы тиіс.

Автоматты камералар жаяу жүргіншілерді жазаламайды — ІІМ түсініктеме берді

Кейбір бұқаралық ақпарат құралдарында автоматты камералар жаяу жүргіншілерді жауапкершілікке тартатыны туралы ақпарат тараған еді. ҚР ІІМ ӘПК өкілдері бұл ақпараттың шындыққа сәйкес еместігін мәлімдеді.