Батыс Қазақстанда киік еті қайта өңделеді

Батыс Қазақстан облысында алты ет комбинаты киік етін өңдеуге дайын, олардың ішіндегі ең ірісі Орал қаласында орналасқан, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қалған ет комбинаттары Жаңақала, Жәнібек, Казталов аудандарында, сондай-ақ, Бәйтерек ауданында орналасқан.

Жақын арада өңірде киік санын реттеу жұмыстары басталады, жалпы киік басының 20 пайызын алу жоспарланып отыр, бұл — 460 мың жануар. Аулауға «Охотзоопромның» төрт бригадасы жауапты болмақ.

«Ауыл шаруашылығы министрлігі барлық мемлекеттік стандартты бекітті. Біз консервілерді қайта өңдеп, оларды дүкендерде сата аламыз. Қажет процедуралар орындалды», — деді Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Қалияр Айтмұхамбетов.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда киік етін өңдеумен айналысқысы келетін инвесторлар табылғаны хабарланды. Бұл туралы экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев мәлімдеді. 

Өзбекстан президенті Мирзиёев Тоқаевты референдум табысты өтуімен құттықтады

Мемлекет басшысы Өзбекстан президентімен телефон арқылы сөйлесті.

“Енді 15 наурызды Конституция күні ретінде қарсы аламыз“ — Президент

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық референдум барысында жүргізілген экзит-полл қорытындысымен танысты.

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституциямыз құтты болсын!

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық референдум барысында жүргізілген экзит-полл қорытындысымен танысты

Еуразиялық интеграция институты жүргізген сауалнама бойынша Exit poll нәтижесі

Қазақстандықтардың 86,7%-ы «Иә, қабылдаймын» деп жауап берген.

Нұрсұлтан Назарбаев референдумда дауыс берді

Нұрсұлтан Назарбаев "Астана Опера" театры аумағында орналасқан дауыс беру учаскесінде таңдау жасады.