Қасым-Жомарт Тоқаев: Сенат айрықша рөл атқарады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Сенатының отырысында сөйлеген сөзінде Қазақстан жаңа даму кезеңіне аяқ басқанын айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Өздеріңізге мәлім, еліміз дамудың жаңа кезеңіне қадам басты. Былтыр конституциялық реформаны қолға алдық. Ата Заңға аса маңызды өзгерістер енгіздік. Қараша айында Президент сайлауы өтті. Жуырда Сенат депутаттарының бір бөлігі сайланды. Сонымен қатар, менің жарлығыммен бірнеше сенатор тағайындалды. Осымен Сенаттың құрамын жаңғырту үдерісі аяқталды», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президенттің айтуынша, депутаттардың жартысына жуығы жаңарған. Мұнда әр аймақтың, соның ішінде жаңадан құрылған облыстардың өкілдері бар. Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелеріне арнайы квота берілді.

«Осылайша, Сенатта түрлі санаттағы қоғам өкілдері барынша қамтылды. Жалпы, бұл Палата мемлекеттік басқару саласында айрықша рөл атқарады. Оған Конституцияға сәйкес маңызды міндеттер жүктелген. Заң шығару қызметін сапалы атқару үшін барлық жағдай жасалған.

Палата өз жұмысын абыроймен атқарып келе жатыр. Сенаторлар ауқымды реформаларды жүзеге асыруға белсене атсалысты. Осы орайда, баршаңызға шынайы ризашылығымды білдіремін. Жаңа депутаттар Сенаттың қызметіне тың серпін береді деп сенемін», — деді Президент.

Елімізде кейбір мемлекеттік награданы беру тәртібі өзгерді

Мемлекеттік ордендер тізіміне тарихи тұлғалардың есімімен аталған наградалар енгізілді.

Ақтауда еден жуушының шелегін тепкен әйелге айыппұл салынды

Ақтауда мектеп басшысының әйелі тазалықшының шелегін теуіп, оны балағаттағаны үшін ұсақ бұзақылық жасаған деп танылды.

Президент Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл отырысын өткізеді 

Жиын барысында Президент «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры мен «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басшыларының сыбайлас жемқорлық қылмысына қатысы бар деген күдікпен ұсталуына байланысты мемлекеттің позициясын жеткізеді.

Қазақстан ажырасу бойынша әлемнің ТОП-15 еліне кірді: АҚШ-пен көрсеткіші бірдей 

Зерттеу нәтижесі бойынша, Қазақстанда 15 жастан асқан әрбір 1000 адамға шаққанда ажырасу коэффициенті 2,9 болған. Бұл көрсеткішпен еліміз 66 мемлекеттің арасында 14-орынға орналасқан.

Мектептерге жаппай Face ID жүйесін енгізу жоспарланып отыр

Қазақстандағы барлық мектепте Face ID технологиясы арқылы кіруді бақылау жүйесін енгізу жоспарланып отыр.