16 жасқа толмаған қазақстандықтар электр самокатын тізгіндей алмайды

Қазақстанда электр самокаттарын жүргізуге жас шектеуі енгізілмек. Енді 16 жасқа толмаған жасөспірімдер скутерді тізгіндей алмайды. Бұл туралы ІІМ әкімшілік полициясы комитеті төрағасының орынбасары Жандос Мұраталиев онлайн брифинг кезінде айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

«Электр самокатын жүргізушілерден жеке куәлік талап етілмейді. Тек міндетті шарт болады. Электр самокатымен жолға, веложолға, қоғамдық көлік жолағына немесе тротуарға шығатын жүргізушінің жасы 16-дан асқан болуы керек», — деді Мұраталиев. 

Электр самокаттар түнгі уақытта жақсы көріну үшін фарлармен және катафоттармен жабдықталуы тиіс. 

Өзгерістер биыл «Жол жүрісі туралы» заңға, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске және жол жүру ережелеріне енгізіледі. 

Айта кетейік, шілде айының басында Қазақстанда электр самокаттары үшін стандарттар бекітілді. Жаңа ереже бойынша, самокатқа тек бір адам міне алады. Оның жылдамдығы сағатына 25 шақырымнан аспауы тиіс. Ал сағатына 50 шақырымнан аса жүретін самокат жүргізушілері А1 санатындағы жүргізуші куәлігіне ие болуы тиіс. 

Елімізде кейбір мемлекеттік награданы беру тәртібі өзгерді

Мемлекеттік ордендер тізіміне тарихи тұлғалардың есімімен аталған наградалар енгізілді.

Ақтауда еден жуушының шелегін тепкен әйелге айыппұл салынды

Ақтауда мектеп басшысының әйелі тазалықшының шелегін теуіп, оны балағаттағаны үшін ұсақ бұзақылық жасаған деп танылды.

Президент Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл отырысын өткізеді 

Жиын барысында Президент «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры мен «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басшыларының сыбайлас жемқорлық қылмысына қатысы бар деген күдікпен ұсталуына байланысты мемлекеттің позициясын жеткізеді.

Қазақстан ажырасу бойынша әлемнің ТОП-15 еліне кірді: АҚШ-пен көрсеткіші бірдей 

Зерттеу нәтижесі бойынша, Қазақстанда 15 жастан асқан әрбір 1000 адамға шаққанда ажырасу коэффициенті 2,9 болған. Бұл көрсеткішпен еліміз 66 мемлекеттің арасында 14-орынға орналасқан.

Мектептерге жаппай Face ID жүйесін енгізу жоспарланып отыр

Қазақстандағы барлық мектепте Face ID технологиясы арқылы кіруді бақылау жүйесін енгізу жоспарланып отыр.