Қазақстан санкцияланған тауарларға транзит елдер тізімінде: бұл нені білдіреді?

Қазақстан санкцияланған тауарларды Ресей мен Беларуське жеткізуге болатын елдер тізіміне кірді. Әлемдік экономика және саясат институты (ӘЭСИ) сарапшысы Ерсұлтан Жансейітов Қазақстанға қарсы санкцияларды енгізудің тәуекелдерін бағалады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

28 маусымда АҚШ-тың Қаржылық қылмыспен күресу жүйесі мен Өнеркәсіп және қауіпсіздік бюросы АҚШ Қаржы министрлігі мәліметінше, санкцияланған тауарлар Ресей мен Беларусь аумағына өтуі мүмкін елдер тізімін жариялады. Бұл тізімге Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Грузия, Армения, Бразилия, Қытай, Үндістан, Израиль, Мексика, Никарагуа, Сербия, Сингапур, Оңтүстік Африка Республикасы, Тайвань, Түркия және Біріккен Араб Әмірліктері кіреді.

АҚШ билігі мәліметінше, бұл елдер Ресей Федерациясы мен Беларусь Республикасына әскери мақсатта пайдаланылуы мүмкін жабдықты жөнелтуге жүк тиеу пункттері болуы мүмкін: ұшақтардың қосалқы бөлшектері, гидроакустикалық жүйелер, антенналар, спектрфотометрлер, GPS жүйелері, вакуумдық сорғылар, мұнай жабдықтары.

«Қазақстанның Ресеймен және Беларусьпен тығыз экономикалық және көлік-логистикалық байланыстарын, сондай-ақ Қазақстанның ЕАЭО мүшелігін ескере отырып, еліміздің бұл тізімге енуі әбден болжамды болып көрінеді. Елдің бұл тізімде болуы оның реэкспортқа қатысуын әлі көрсетпейді және оған бірден екінші реттік санкциялар енгізуді білдірмейді, дегенмен тізімдегі елдер экспортқа қатысты қаржылық операцияларды неғұрлым мұқият тексеруге жатады», — деп санайды ӘЭСИ сарапшысы.

Тізімге енген елдердің экономикасының көлемі әлемдік ЖІӨ-нің төрттен бір бөлігі, ал географиясы бүкіл жер шарын қамтиды.

«Тіпті Үндістан, Израиль, сондай-ақ халықаралық деңгейде мойындалмаған Тайвань сияқты АҚШ-қа дос мемлекеттер де тізімге енді. Осыған байланысты Қазақстанның бұл тізімге енуі Қазақстанға қарсы санкцияларды қолдану дегенді білдірмейді. Бұл әрекет АҚШ-тың Украинадағы қақтығысқа байланысты Ресей экономикасына қысым көрсету науқаны кеңейіп жатқанын көрсетеді.

Егер Америка Құрама Штаттары осы тізімдегі елдердің үкіметтері Ресейдің санкцияланған технологиялық тауарларға қолжеткізуіне Батыс орнатқан кедергілерді еңсеруге белсенді түрде үлес қосып жатқаны туралы тікелей дәлелдерге ие болса, нақты санкциялар енгізу мүмкін», — деді Ерсұлтан Жансейітов.

Мемлекет қазынасына ауыз салу елге жасалған ең ауыр қастандық – Президент 

Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекет қазынасына ауыз салу, Конституцияның талаптарын аяққа таптау – елге жасалған ең ауыр қастандық екенін айтты.

Послание в диалоге с гражданами 

ДЕПУТАТЫ КУРУЛТАЯ ОТ ВСЕХ ФРАКЦИЙ ПРОВЕЛИ 155 ВСТРЕЧ С...

Елімізде ағаштың кей түрлерін экспорттауға тыйым салынуы мүмкін 

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі тиісті бұйрық жобасын жариялап, 4 желтоқсанға дейін қоғамдық талқылауға ұсынды.

Қазақстан жылыжай көкөністерінің импортын арттырып келеді 

Ұлттық статистика бюросының (ҰСБ) мәліметінше, суық маусымда Қазақстанның импорттық көкөністерге деген қажеттілігі жоғары деңгейде қалып отыр. Өткен қыста шетелден жеткізілген қияр көлемі қараша және желтоқсан айларында күрт өскен. Бұл үрдіс 2026 жылдың алғашқы айларында да жалғасын тапты.

Ресей мен Украина бітімге келе ме: Қазақстан үшін келіссөздің маңызы қандай? 

Өткен аптада, тоғыз айлық үзілістен кейін, Украина мен Ресей АҚШ-тың делдалдығымен Абу-Дабиде келіссөз үстеліне қайта отырды. Екі күнге созылған кездесуде тараптар әскери тұтқындарды айырбастау жөнінде алдын ала уағдаласқанымен, аумақтық мәселе мен қауіпсіздік кепілдіктеріне қатысты ортақ шешімге келе алмады.