Қазақстанда көлік салығы кімдер үшін жеңілдетіледі?

Қазақстандағы көлік салығы бензиннің акциз құнына қосу арқылы жойылуы мүмкін. Бұл туралы Ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмірин айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Вице-министрдің айтуынша, бұл мәселе бүгін жаңа Салық кодексін қарау аясында талқыланып жатыр.

«Шынында да, көлік салығын бензиннің акциз құнына ауыстыру мүмкіндігі талқыланып жатыр. Бірақ мұнда мұқият болу керек, сондықтан біз оны саралаймыз. Қозғалтқышының көлемі төрт литрге дейін немесе 3,5-ке дейінгі автокөліктер үшін көлік салығын алып тастау талқыға салынды. Қазір қосымша есептеу жүргізіп жатырмыз. Біз шамамен 80 миллиард теңге көлік салығын, шамамен 5 миллион тонна мұнай өнімдерін жинаймыз. Егер біреуін екіншісіне бөлсек, көлік салығын бензин акцизіне көшірсек, бұл салықты алу үшін акциз 14 теңгеге қымбаттауы керек», — деді Әміриыын.

Сонымен қатар, вице-министрдің сөзінше, мұндай қадам арқылы қозғалтқышы үлкен көлік құралдарының иелеріне жүктеме азайып, керісінше шағын көлемді көліктердің иелері үшін көбейеді. Осыған байланысты басқа нұсқалар да талқыланады.

«Мысалы, қозғалтқыш көлемі 1,6 литр болатын көлікті алайық — шағын Hyundai Accent — жылдық салығы шамамен 7 мың теңге, ал көлік салығы шамамен 700 мың теңге болатын Lexus 570 алайық. Тиісінше, шағын көлік салықты өтеу үшін бензинді көп тұтынуы керек. Егер біз бензиннің құнын 14 теңгеге көтерсек, онда көлік салығына бір жылда 30 мың теңге төлейді. Ал қозғалтқышы үлкен көліктің салығы бензин арқылы шамамен 300-350 мыңға жетеді. Сондықтан, бензинге көлік салығын аудару арқылы біз үлкен көліктері бар адамдарға жүктемені азайтамыз», — деді шенеунік.

Жаңа оқу жылында 380 мыңнан астам бала бірінші сыныпқа барады 

Жаңа оқу жылында 380 мыңнан астам баланың бірінші сыныпқа баруы күтіледі. Қазір олардың 320 мыңға жуығы мектепке қабылданды.

Мектеп рюкзагын таңдағанда ата-аналар неге мән беруі керек? ДСМ жауап берді 

Негізгі қағида – рюкзак баланың бойына сай әрі ыңғайлы болуы, ал толық жиналған кездегі салмағы оның дене салмағының 10%-ынан аспауы керек.

Әлемде жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі өсті: ХЕҰ негізгі себептерді атады 

ХЕҰ мәліметінше, 2025 жылы 15-24 жас аралығындағы жастар арасындағы жаһандық жұмыссыздық деңгейі 12,4%-ға жеткен

Алматыда LRT құрылысына дайындық басталды: Ол қашан іске қосылады? 

Алматыда LRT бірінші желісінің құрылысына дайындық жұмыстары жалғасып жатыр. Қазіргі кезеңде негізгі жұмыстар Б. Момышұлы және Төле би көшелерінде жүргізілуде.

Тамыздан бастап мерекелік төлемдерді ЖИ тағайындайды 

Еңбек министрлігі әлеуметтік қолдау шараларын цифрландыруды күшейтіп, бір өтініш арқылы қызмет алуға мүмкіндік беретін бірыңғай платформаны барлық өңірде іске қосты.