Оқушыларға мектепке ұялы телефон әкелуге бола ма?

Білім және жоғары ғылым министрлігі оқушылар мектепке ұялы телефон әкелуге бола ма деген сұраққа жауап берді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ведомствода оқушылар ұялы телефонды әкеле алады, бірақ оны сабақтан бос уақытта ғана пайдалануға болады деп хабарлады.

Сондай-ақ, 2023 жылы наурызда НҚА сайтында білім министрінің бұйрығы шыққан еді.

«Смартфонды мұғалімнің шешімі бойынша сабақта қолдану қажеттілігін қоспағанда, білім алушылар мен педагогтар сабақтарда мобильді байланыс құралдарын пайдаланбайды», — делінген бұйрықтың мәтінінде.

Екі жыл бұрын білім және ғылым экс-вице-министрі Шолпан Каринова (қайта құрылған министрлік — Прим.) мектеп смартфонды пайдалануды шектеу туралы шешімді өз бетінше қабылдай алатынын хабарлады.

Елімізде кейбір мемлекеттік награданы беру тәртібі өзгерді

Мемлекеттік ордендер тізіміне тарихи тұлғалардың есімімен аталған наградалар енгізілді.

Ақтауда еден жуушының шелегін тепкен әйелге айыппұл салынды

Ақтауда мектеп басшысының әйелі тазалықшының шелегін теуіп, оны балағаттағаны үшін ұсақ бұзақылық жасаған деп танылды.

Президент Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл отырысын өткізеді 

Жиын барысында Президент «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры мен «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басшыларының сыбайлас жемқорлық қылмысына қатысы бар деген күдікпен ұсталуына байланысты мемлекеттің позициясын жеткізеді.

Қазақстан ажырасу бойынша әлемнің ТОП-15 еліне кірді: АҚШ-пен көрсеткіші бірдей 

Зерттеу нәтижесі бойынша, Қазақстанда 15 жастан асқан әрбір 1000 адамға шаққанда ажырасу коэффициенті 2,9 болған. Бұл көрсеткішпен еліміз 66 мемлекеттің арасында 14-орынға орналасқан.

Мектептерге жаппай Face ID жүйесін енгізу жоспарланып отыр

Қазақстандағы барлық мектепте Face ID технологиясы арқылы кіруді бақылау жүйесін енгізу жоспарланып отыр.