Ақтөбе әкімі қызметінен кетті

Мұрат Жүребеков Ақтөбе әкімі қызметінен кетті, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мұрат Жүребеков Ақтөбе әкімі қызметін аяқтағанын және қала тұрғындарына алғысын айтты. Ол басқа қызметке ауысқан.

«Құрметті ақтөбеліктер! Қымбатты достар! Бүгін мен сіздермен Ақтөбе қаласының әкімі лауазымындағы қызметімді аяқтағаным жайында және орталыққа басқа жұмысқа ауысатыным туралы жаңалығымды бөлісіп отырмын.

Туған қалам — Ақтөбеме қызмет қылу — мен үшін биік мәртебе, зор жауапкершілік, үлкен тәжірибе мектебі болды. Өңір басшысы Ералы Лұқпанұлына, барлық әріптесіме ризашылығымды білдіремін. Қолдау көрсеткен барша Ақтөбе халқына алғысым шексіз.

Уақыт бір орнында тұрмайды. Әлі-ақ сіздермен бірлесіп бастаған жұмыстар қаламыздың дамуына оң әсерін береді деп сенемін. Арайлы Ақтөбемді еліміздің сәулетті шаһарларының қатарынан көретініме күмән жоқ.

Қадірлі жерлестер! Мен үшін сіздердің алғыстарыңыздан артық бата жоқ. Ендігі жерде жаңа қызметте елімнің дамуына еңбек етуді жалғастыра беремін. Арайлы Ақтөбені, оның асыл азаматтарын әркез биік тұтамын», — деді ол.

Еске салайық, Мұрат Жүребеков Ақтөбе әкімі қызметіне 2023 жылғы қаңтарда тағайындалған еді. Ол бұған дейін энергетика вице-министрі болған.

Елімізде кейбір мемлекеттік награданы беру тәртібі өзгерді

Мемлекеттік ордендер тізіміне тарихи тұлғалардың есімімен аталған наградалар енгізілді.

Ақтауда еден жуушының шелегін тепкен әйелге айыппұл салынды

Ақтауда мектеп басшысының әйелі тазалықшының шелегін теуіп, оны балағаттағаны үшін ұсақ бұзақылық жасаған деп танылды.

Президент Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл отырысын өткізеді 

Жиын барысында Президент «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры мен «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басшыларының сыбайлас жемқорлық қылмысына қатысы бар деген күдікпен ұсталуына байланысты мемлекеттің позициясын жеткізеді.

Қазақстан ажырасу бойынша әлемнің ТОП-15 еліне кірді: АҚШ-пен көрсеткіші бірдей 

Зерттеу нәтижесі бойынша, Қазақстанда 15 жастан асқан әрбір 1000 адамға шаққанда ажырасу коэффициенті 2,9 болған. Бұл көрсеткішпен еліміз 66 мемлекеттің арасында 14-орынға орналасқан.

Мектептерге жаппай Face ID жүйесін енгізу жоспарланып отыр

Қазақстандағы барлық мектепте Face ID технологиясы арқылы кіруді бақылау жүйесін енгізу жоспарланып отыр.