Қазақстанда балалардың әлеуметтік желілерге кіруі шектеледі

Қазақстанда ата-анасы немесе заңды өкілінің рұқсатынсыз TikTok, Instagram, Facebook, WhatsApp, «ВКонтакте» платформаларында кәмелетке толмағандарды тіркеуді шектеу шараларын қабылдау жоспарланып отыр. Үкімет қаулысының жобасы «Ашық НҚА» сайтында пайда болды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстан Үкіметі балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау және олардың құқықтары мен әл-ауқатын қамтамасыз ету жөніндегі 2023-2025 жылдарға арналған «Бала Қорғау» кешенді жоспарын бекіту туралы шешім қабылдады.

Жоспар мақсаты – балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесін құру, балаларға уақтылы білікті көмек көрсету, сондай-ақ балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алуға бағытталған 2023-2025 жылдарға арналған қосымша шаралар кешенін қабылдау.

Жоба қабылданса, Instagram, Facebook, WhatsApp, «ВКонтакте» платформаларында кәмелетке толмағандарды заңды өкілінің рұқсатынсыз тіркеуге шектеу шараларын енгізу 2025 жылдың бірінші тоқсанына жоспарланған. Бұған Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, сондай-ақ Білім министрлігі жауапты болады.

Жалпы, кешенді жоспар 4 бөлімнен тұрады.

  • «Балалардың зорлық-зомбылықтан қорғау құқығын жүзеге асыру».
  • «Білім алушылардың педагогикалық қолдау құқығын іске асыру, балалардың суицидтік және аутоагрессивті мінез-құлқының алдын алу және түзету».
  • «Қазақстандық балалардың әл-ауқаты деңгейін арттыру, балалардың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекет пен қоғамның өзара іс-қимылы».
  • «Ақпараттық сүйемелдеу».

Құжат 6 маусымға дейін көпшіліктің талқылауы үшін жарияланған.

Елімізде кейбір мемлекеттік награданы беру тәртібі өзгерді

Мемлекеттік ордендер тізіміне тарихи тұлғалардың есімімен аталған наградалар енгізілді.

Ақтауда еден жуушының шелегін тепкен әйелге айыппұл салынды

Ақтауда мектеп басшысының әйелі тазалықшының шелегін теуіп, оны балағаттағаны үшін ұсақ бұзақылық жасаған деп танылды.

Президент Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл отырысын өткізеді 

Жиын барысында Президент «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры мен «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басшыларының сыбайлас жемқорлық қылмысына қатысы бар деген күдікпен ұсталуына байланысты мемлекеттің позициясын жеткізеді.

Қазақстан ажырасу бойынша әлемнің ТОП-15 еліне кірді: АҚШ-пен көрсеткіші бірдей 

Зерттеу нәтижесі бойынша, Қазақстанда 15 жастан асқан әрбір 1000 адамға шаққанда ажырасу коэффициенті 2,9 болған. Бұл көрсеткішпен еліміз 66 мемлекеттің арасында 14-орынға орналасқан.

Мектептерге жаппай Face ID жүйесін енгізу жоспарланып отыр

Қазақстандағы барлық мектепте Face ID технологиясы арқылы кіруді бақылау жүйесін енгізу жоспарланып отыр.