Алматы мектептерінде соңғы қоңырау мен бітіру кеші қашан болады?

Алматы қаласының Білім басқармасы қала мектептеріндегі соңғы қоңырау және мектеп бітірушілер күні қашан, қандай форматта өтетінін айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ведомство мәліметінше, Алматы мектептерінде соңғы қоңырау 1 маусымда өтеді. 4, 9 және 11 сынып оқушылары үшін оқу жылының аяқталуына орай салтанатты жиындар өткізіледі. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Алматы қаласы Білім басқармасы басшысының орынбасары Жанат Айтпаева мәлімдеді.

Қазақстан Республикасы Білім министрлігінің бұйрығына сәйкес оқу жылы 2023 жылдың 31 мамырында аяқталады. Соңғы оқу күнінде жалпы білім беретін мектептер бекітілген кесте бойынша сабақтар өткізіп, оқу күнін сынып сағатымен аяқтайды.

«Біз Оқу жылының аяқталуы бойынша салтанатты іс-шараны өткізуге қатысты барлық мектеп дәстүрлерін қолдай отырып, мектептердің салтанатты жиын өткізу туралы шешімнің дербес қабылданатынын хабарлаймыз», — деп толықтырды қалалық білім басқармасының өкілі.

2022-2023 оқу жылы 28 мыңнан астам түлек 9-сыныптарды және 14 мыңнан астам түлек 11-сыныптарды бітіріп жатыр.

Қазақстанның ұлттық қауіпсіздік комитетін кім басқаратын болды?

Мемлекет басшысының жарлығымен Марат Ғатаұллаұлы Ирменов Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы болып тағайындалды.

Қазақстанда жасанды интеллект көмегімен алғаш рет заң жобасы әзірленді

Қазақстанда алғаш рет «AI-Quryltai» жасанды интеллект платформасының көмегімен заң жобасы әзірленді. Жаңа құжат балаларды цифрлық және ақпараттық ортадағы қауіп-қатерлерден қорғауға бағытталған.

Тоқаев Палестина президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Палестина президентіне құттықтау жеделхатын жолдады.

Аула да ортақ мүлік: оның күтімі пәтер бағасына қалай әсер етеді?

Пәтер сатып алған кезде сіз үйдің ортақ мүлкінен де...

Жаңбыр, қар және көктайғақ: 16 қарашаға арналған ауа райы

Дүйсенбі, 16 қарашада Қазақстанның басым бөлігінде күн райы негізінен...