Бас мүфти Қазақстан халқын Ораза айт мерекесімен құттықтады

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы қасиетті Рамазан айының аяқталуына орай мұсылман қауымын құттықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сіздерді күллі мұсылман баласының ұлық мерекесі – Ораза айтпен шын жүректен құттықтаймын! Айт қабыл болсын, ағайын! «Айт» сөзі – «мерекелеу», «хал сұрасу», «бір-бірін қуанту», «қуанышқа топталу» деген мағыналарды білдіреді. Ораза айт мейрамында жүрекке мейірім, қуаныш сезімі ұялайды. Осынау сәулелі сәтте баршаңызға риясыз ниетпен Алланың амандығы мен берекесін тілеймін. Жаратқан жанұяларыңызға жар болсын!Наурызбай қажы Тағанұлы

Сондай-ақ мүфти қасиетті айда қайырымдылық шараларына атсалысқан барша жандарға алғысын білдірді.

Ораза айт – бір ай бойы ораза ұстап, ықыласпен жақсылық жасаған адамның құрметке, марапатқа ие болатын сәті. Алла Тағала: «Мен парыз еткен оразаны пенделерiм өтеп, ақысын алуға (айт намазын өтеуге) мешiтке бет алды. Олар Мен үшiн ораза ұстады, Менiң пәрменiммен ауыз ашты, ендi қуанышқа кенелсiн…» дейді. Раббымыз баршамыздың қуанышымызды арттырып, екі дүниеде де мерейімізді үстем еткей. Алла Тағала ұстаған оразамызды, мұқтаж жандарға үлестірген зекетіміз бен пітір садақамызды, берген ауызашарымызды қабыл етіп, мол сауап жазғай. Сауаптар еселеніп жазылатын берекелі айда көңілі жабырқау жандардың жүрегіне қуаныш сыйлауға тырыстық. Осы ретте Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының игі бастамасына үн қосып, мешіттерімізде атқарылған ізгі іс-шараларға, қайырымдылық акцияларына белсенді түрде үлес қосқан барша жомарт жандарға Алланың нұры жаусын деймін. Ізгі амалдарыңыздың жақсылығы мен сауабы арта түсуіне тілектеспін. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы

Автоматты камералар жаяу жүргіншілерді жазаламайды — ІІМ түсініктеме берді

Кейбір бұқаралық ақпарат құралдарында автоматты камералар жаяу жүргіншілерді жауапкершілікке тартатыны туралы ақпарат тараған еді. ҚР ІІМ ӘПК өкілдері бұл ақпараттың шындыққа сәйкес еместігін мәлімдеді.

Елімізге көптен күткен көктемгі жылу қашан келеді?

Бұл сұраққа Қазгидромет синоптиктері жауап берді.

Мұнайдың қымбаттауы Қазақстан бюджетіне қалай әсер етеді?

Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов мұнай бағасының қымбаттауынан Қазақстанға түсетін қосымша пайда туралы сұраққа жауап берді.

Ораза айт — 2026: қай күні тойланады және мерекенің мәні неде?

Ораза айт – мұсылмандар үшін маңызды мерекелердің бірі. Бұл күн қасиетті Рамазан айының аяқталуын білдіреді және бір ай бойы ұстаған оразаның қорытындысы саналады.

Салық кодексі тағы өзгереді: үкіметте қандай түзетулер талқыланып жатыр?

Үкіметте Салық кодексін енгізу жөніндегі жобалық кеңсе жұмысының алдын ала қорытындысы қаралды.