Балық аулауға шыққандарға айыппұл салынып жатыр

Қарағанды облысында суға кеткен балықшының денесі алты күннен бері іздестіріліп жатыр. Ол Топар ауылына аттанып, сол күйі оралмаған. Су қоймасынан оның заттары мен қармақ-ауы табылды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі «КТК» телеарнасына сілтеме жасап. 

Облыста айналдырған бір апта ішінде төрт адам суға кетіп отыр. Алты күн бұрын Теміртаудағы Самарқан бөгенінде мұз жарылып, үш балықшы судан шыға алмай мерт болды. Сол күні 65 жастағы зейнеткер де Топар ауылындағы Шерубай-Нұра су қоймасына балық аулауға барған. Оны су астынан да, дрон көмегімен көктен де іздеп жатыр. Құтқарушылардың жұмысына еріген мұз бөлшектері кедергі келтіріп жатыр.

Қазір судан құтқару қызметкерлері жаппай кезекшілікке шыққан. Ауа райына қарамай балық аулау үшін мұзға шыққандарға шетінен айыппұл салынып жатыр.

«18 наурыздан бастап су қоймалары мен тоғандарда мұз еріп жатқандықтан қауіпсіздік талабын қатаң сақтау керек. Арнайы ереженің 47-ші бөлігінде осындай шақта мұзға шығуға тыйым салынған. Оны ескермегендерге 412-ші бапқа сәйкес әкімшілік жаза қолданылады», — деді Қарағанды облысы ТЖД басқарма бастығы Ерасыл Сайпаш.

ОСК сайлау мен референдум болмаған кезде немен айналысады?

Қазақстанда жалпыреспубликалық сайлау мен референдум өтпейтін кезде Орталық сайлау комиссиясы (ОСК) немен айналысады?

Оқушылар көктемгі каникулда қанша күн демалады?

Қазақстандық оқушылар 11 күн бойы көктемгі демалыста болады. Оғу-ағарту министрлігі мәліметінше, демалыс 19 наурызда басталып, 29 наурызға дейін созылады.

Қазақстанда тұрғын үй саудасы төмендеді 

2026 жылғы ақпан айында Қазақстанда тұрғын үйді сатып алу-сату бойынша 27 421 мәміле тіркелді.

1 сәуірден бастап тағы бір өзгеріс енгізіледі

2026 жылғы 1 сәуірден бастап балаларға арналған демалыс және сауықтыру лагерьлері міндетті түрде лицензия алуы тиіс.

Автоматты камералар жаяу жүргіншілерді жазаламайды — ІІМ түсініктеме берді

Кейбір бұқаралық ақпарат құралдарында автоматты камералар жаяу жүргіншілерді жауапкершілікке тартатыны туралы ақпарат тараған еді. ҚР ІІМ ӘПК өкілдері бұл ақпараттың шындыққа сәйкес еместігін мәлімдеді.