12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Балаларын күтіп бағуға арналған қаражатты төлеуден жалтарғаны үшін бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды

Сотталушы Б. сот бұйрығына сәйкес, жәбірленуші Т.-ның пайдасына З., И., атты балаларын асырап-бағу үшін кәмелетке толғанша барлық айлық және өзге табысының 1/3 бөлігінің мөлшерінде алимент төлеуге міндетті болған.

Жеке сот орындаушы «Алимент бойынша берешегін анықтау туралы» қаулысы бойынша сотталушы Б.-ның алимент төлеуден жалтаруы нәтижесінде 2 029 349 /екі миллион жиырма тоғыз мың үш жүз қырық тоғыз/ теңге алиментке қарызы қалыптасып,  яғни кәмелетке толмаған балаларын күтіп-бағуға сот шешімі бойынша қаражат төлеу жөніндегі міндеттерін орындамаған.  

Прокурор, сотталушы Б., оның адвокаты, жәбірленуші Т.-ның арасындағы сотқа дейінгі іс жүргізу сатысында кінәні мойындау туралы мәміле түріндегі процестік келісім жасалған.

Сот отырысында сотталушы Б. кінәні мойындау туралы мәміле түріндегі процестік келісіммен келісетінін көрсеткен.

Іске қатысушы прокурор мен қорғаушы процестік келісімді қолдайтындарын көрсеткен.  

Сотталушының кінәсі сот отырысында толық дәлелденген, ол қылмыстық әрекетінің саралануымен, тағайындалатын жазаның түрі мен мөлшерімен толық келіскен.

ҚК-нің 53-бабының талаптарына сай, қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жай ретінде сотталушы Б. шын ниетпен өкінуі танылады.

ҚК-нің 54-бабына сәйкес іс бойынша қылмыстық жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ. 

Сотталушы Б. Қазақстан Республикасы ҚК-нің 139-бабымен кінәлі деп танылып, оған 1 (бір) жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.  

Сотталушы Б.-ға 1 (бір) жылға пробациялық бақылау орнатылып, тәртібін бақылау Қазалы аудандық пробация қызметіне жүктелді.

Сотталушы Б.-дан жәбірленушілерге төленетін өтемақы қорынының пайдасына 10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 34 500 (отыз төрт мың бес жүз) теңге мәжбүрлі төлем өндірілді.

Үкім заңды күшіне енді. 

Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты

КазНУ имени Аль-Фараби: 90 лет лидерства, знаний и международного сотрудничества

В 2024 году Казахский национальный университет имени Аль-Фараби отмечает...

Мемлекеттік тілдің мәртебесін биіктету – елдік іс

Мемлекеттік тіл мемлекеттің тәуелсіздігін айқындайтын бастыбелгілердің бірі. Қазақстан Республикасының...

Елдің өркендеуі жүйе жұмысын жаңа деңгейге көтерді

Тәуелсіздік таңы атқалы 33 жыл болды. Осы жылдар ішінд...

Электрондық сервистердің ауқымын кеңейтуге басымдық берілуде

Сот әкімшілігі – сот жұмысының дұрыс ұйымдастырылуына, сапалы атқарылуына...

Алқабилерге де жауапкершілік бар

Сотқа алқабидің міндеттерін атқару үшін дәлелсіз себептермен келмеген азаматтың...