Балаларды қорғау күні қарсаңында УИС қызметкерлері сенбілікке шықты

Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында және Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің және оған қарасты мекемелердің қызметкерлері Семей қаласында жалпықалалық сенбілікке қатысты.
Сенбілік барысында қаланың орталық бөлігі мен арнайы балалар үйінің аумағы тазартылып, абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Іс-шара балаларға деген қамқорлық пен қоршаған ортаны таза ұстаудың маңыздылығын насихаттауға бағытталды.
*«Бүгінгі сенбілік – бұл болашақ ұрпаққа деген қамқорлық пен әрбіріміздің қоғам алдындағы жауапкершілігіміздің көрінісі. Біз тек қаланы тазалап қана қоймай, балалар үйіндегі тәрбиеленушілерге де қолдау көрсетуді мақсат еттік. Мұндай іс-шаралар ұжымдық ауызбіршілікті нығайтып, экологиялық мәдениетті арттырады», деп
Департаменттің бастығы Ғалымжан Мұқатайұлы Балтабаев атап өтті. Қызметкерлердің мұндай белсенділігі қоғаммен өзара іс-қимылды нығайтып, әлеуметтік жауапкершілікті арттыруға оң ықпал етеді.

Свобода, которую нельзя заменить

В колониях минимальной безопасности особое значение имеют дни, когда...

Еркіндіктің орны бөлек

Ең төменгі қауіпсіздік мекемелерінде жазасын өтеп жатқан сотталғандар үшін...

Абай облысы ҚАЖ әйел қызметкерлері 8 наурыз қарсаңында марапатталды

Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі...

Сотрудники УИС по области Абай провели «Бьюти День» для представительниц старшего поколения в Семее

В преддверии Международного женского дня сотрудники Департамента уголовно-исполнительной системы...

Оказана благотворительная помощь со стороны службы пробации Аягозского района

В рамках священного месяца Рамазан службой пробации Аягозского района...